Сабақтың тақырыбы: сауат ашу және жазу
Тақырыбы: «Дыбыстарды талдаймыз»
Мақсаты: б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Б дыбысына қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: ойыншық балға, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әліппе, текшелер.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шеңберге тұрып бір - біріне көңіл күй сыйлайды.
1. Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді болып жүрейік.
2. Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік.
Ал балалар, біз көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?
- Қыс. Желтоқсан айы.
- Дұрыс айтасыңдар, қыстың желтоқсан айы екен.
- Бір аптада неше күн бар?
- Жеті күн бар.
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Балалар: 5 - ші күні жұма
Тосын сый: Бақылдап сыныпқа бақа кіреді.
Ой, балалар бізге қонаққа бақа келіпті. Ол неге келді екен. Мен сұрап көрейінші. (құлағын тосқан болады).
- Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді.
- Бақа қайда өмір сүреді?
- Суда.
- Түсі қандай?
- Жасыл және суық болады.
- Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.
- Бақа, бақа, балпақ,
- Басың неге жалпақ?
- Темір телпек көп киіп,
- Басым содан жалпақ.
- Бақа, бақа, балпақ,
- Бұтың неге талпақ?
- Су бетінде көп жүзіп,
- Бұтым содан талпақ.
- Өте жақсы айттыңдар, таныс емес қай дыбыс?
Дұрыс. Б дыбысы екен.
Негізгі бөлім:
1. Педагог балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар педагог көрсеткен заттардың аттарын айтады. Олардың ортақ аттары құрал - саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.
- Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
- Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?
- Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.
- Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар?
Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір - біріне тигенін айтады.
Жаңа дыбысты бір - біріне қарап дыбыстатып айтқызу.
- Б дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?
- Жоқ, б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айта аламыз.
- Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады және оларды қандай текшемен белгілейміз? Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? (Балалар қызыл және көк текшелерді ретімен көрсетеді).
Б дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.
- Балға деген сөзді буынға бөлейік, кәне, шынтақтарыңды парта үстіне тіреп, Саусақтарыңды айқастырыңдар да, айқастырылған саусақтарыңды иектеріңнің астына қойып, бәріміз бірге буынға бөлейік. Балаларға. Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді?
- Екі рет.
- Олай болса балға сөзінде неше буын бар екен.?
- Б дыбысы қай буында тұр?
- Шалбар сөзін де тура осылай буынға бөлейік.
- Шал - бар.
- Неше рет иектерің саусақтарыңа тиді?
- Б дыбысы қай буында тұр екен?
- Олай болса б дыбысы сөздің басында, ортасында, және соңында кездеседі екен.
- Міне, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен, яғни дауыссыз б дыбысымен таныстыңдар.
Сергіту сәтін өткізу.
Бала - бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
Сурет бойынша бір бала тақтаға шығып әңгімелеп береді. Қызыл, көк текшелермен сөз құрастыру. Қай бала сөз жылдам құрастырса, сол бала тақтада да көрсетеді.
Бағдаршам туралы да бір бала тақпақ айтады.
Жұмбақ шешкізу. Табада бар,
Танада жоқ.
Сабада бар,
Санада жоқ.
- Шешуі: б дыбысы.
Д/ О: « Саңырауқұлақ»
Шарты: балалардың ішінен біреуі « саңырауқұлақ» болып сайланады. Қалғандары «балапандар» болады. « Саңырауқұлақ» қолшатырды ашып, отырады. Педагогтің « жаңбыр жауды» деген белгісімен орнынан жайлап тұрады. « Балапандар» « саңырауқұлақтың» астына жиналады.
Дәптермен жұмыс.
Қорытындылау.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы б дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.
Сауат ашу (Дыбыстарды талдаймыз)
- Қалдыкүл
- 28 қаңтар 2014
- 8355
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сауат ашу, дыбыстарды талдаймыз
Ұқсас жаңалықтар:
"Ғ" дыбысы мен әрпі
Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау...Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Б дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету....С дыбысы және әрпімен таныстыру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы...Ю дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі...Ұ дыбысы мен әрпі
Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Шапейқызы Жайнағалам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.