Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылдық сценарий
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен балалар билеп кіреді.
Жүргізуші: Келді, міне, сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл қалама
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Кәне, кәне келіңіздер
Би билеп ән салып беріңіздер!
Мерекені Жаңа жылды қарсы алып.
Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі жаңа жыл ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Мерекелік тақпақтарға кезек береміз.
1 - бала Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
2 - бала Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
3 - бала Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
4 - бала Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Музыка әуенімен қасқыр мен қоян кіреді. Қолдарында шырша ойыншықтары бар.
Қоян: Балалар шетінен әдемі. Ой, неткен әсем шырша! Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар! Біз қасқыр екеуміз осы балабақшада жаңа жыл мерекесі өтетінін біліп, шыршаны безендіруге келдік.
Қасқыр: Сәлем достар аман ба
Менде келдім ортаңа
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той – маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық.
(Қоян мен қасқыр шыршаны безендіре бастайды.)
Жүргізуші: Шыршаны безендіруге алып келген ойыншықтарың қандай әдемі!
Осы кезде сауысқан ұшып келеді.
Сауысқан: - Құтқарыңдар, құтқарыңдар. Мыстан кемпір Аяз - атаны сиқырлап тастады.
Жүргізуші: Балалар, біз Аяз - атаны құтқаруымыз керек. Егер Аяз - ата болмаса Жаңа жыл мерекесі өтпейді.
Қоян: Енде не істейміз? Қалай құтқарамыз.
Қасқыр: Сауысқан, қоян жүріңдер, Аяз - атаны мыстанның сиқырынан құтқарайық. Жаңа жыл мерекесі өтпесе балалар бізге ренжиді.
Музыка әуенімен Аяз - атаны құтқаруға аңдар кеткенде, залға мыстан кемпір кіріп келеді.
Жүргізуші: Мыстан кемпір, балалардың көптен күткен Аяз - атасын жібер. Мерекемізді бұзба.
Мыстан: Менің бір шартым бар. Сол шартымды балалар орындап, жеңсе Аяз - атаны жіберемін.
Жүргізуші: Ол қандай шарт?
Мыстан: Менімен ойын ойнайсыңдар. Сол ойында мені жеңсеңдер тілектерің орындалады.
Жүргізуші: Балалар, қане, Аяз - атаны құтқару үшін, мыстанмен бірге ойын ойнап, жеңіске жетейік.
Ойын: «Пиманы кім тез киеді?»
Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Сендер Аяз - атаны құтқардыңдар. Ендеше мен барып Аяз - атаны сиқырымнан босатайын.
Мыстан кемпір залдан қоштасып шығып кетеді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Аяз - атаны көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ, Аяз - атаны мыстан кемпір сиқырлап тастапты.
Ақшақар: Енді не істеймін, онсыз мереке қызықты өтпейді ғой. Сендерге сыйлықты енді кім береді?
Жүргізуші: Ақшақар сен уайымдама, Аяз - ата қазір біздің ортамызға келіп қалар. Мыстан кемпір оны босатуға уәде берген.
Балалар шыршаны айналып Аяз - атаны шақырады.
Музыка әуенімен қасқыр мен қоян Аяз – атаны мерекеге алып келеді.
Аяз - ата: Амансыңдар ма балалар, аманбысың Ақшақар, амансыздар ма қонақтар. Мені көп күттіңдер ме? Қасқыр мен қоян болмаса мен жете алмас еді. Қоян, Қасқыр рахмет сендерге!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз - ата! Біздің шыршамыз жарқырамады ғой. Енді не істейміз?
Аяз - ата: Ақшақар қызым - ау. Менің сиқырлы таяғымды алып берші.
(Таяғын шыршаға тигізіп)
Аяз - ата: Шыршам, қане, жана ғой!-(дегенде шыршаның шамдары жарқырап жанады.)
Жүргізуші: Ал енді біздің бүлдіршіндеріміз шыршаның жану құрметіне арнап «Кел, Жаңа жыл» әнін орындап береді.
Ән: «Кел, Жаңа жыл»
Аяз - ата: Жарайсыңдар! Өнерлі балалар екенсіңдер.
Ақшақар: Аяз - ата менің де өнерім бар. Мен қыздар мен бірге Жаңа жылға арнап би билеп берейін.
Би: «Қарша қыз»
Жүргізуші: Аяз - ата демалып отырып, біздің балалардың тақпақтарын тамашалаңыз.
5 - бала Кел, достар, бастайық,
Бастайық жал басын,
Қызықтан бос қалып
Кей бала қалмасын.
6 - бала Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз - атаны.
7 - бала Жақсы жаңа жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас.
Біз осылай жылды енді,
Қарсы алайық бәріміз.
8 - бала Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау, қарлы шың.
Аяз - ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай жыл?
Балалар: Қоян жылы.
- Келе жатқан жыл қалай аталады?
- Ұлу жылы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз өткен жылмен, келер жылды ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен қоян бен ұлу залға билеп кіреді.
Доңыз: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің киімдерің қандай әдемі.
Ой, неткен әсем шырша?
Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, қоян жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз.
Қоян: Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.
Жүргізуші: Төрлетіңіздер. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Балалардың орындауында мерекелік тақпақ.
9 - бала Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
10 - бала Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып,
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып
Аяз - ата келеді,
Балаларды сағынып.
11 - бала Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
12 - бала Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Жүргізуші: Балалар енді біз қоян жылымен қоштасып, Ұлу жылын қарсы алайық.
Қоян: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,
Балаларға сыйлық әкеп тараттым!
Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын.
Қоян: Қане, бәріміз барыс жылының келу құрметіне ән салмаймыз ба?
Қасқыр: Дұрыс айтасың! Барлығымыз бірге шыршаны айналып, ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Қасқыр, барыс, сиыр, қонақтар мен және балалармен қоштасып шығып кетеді.
Аяз - ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Қолдарын бұлғап шығып кетеді.
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2024 - ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!

Астана қаласы,
№ 69 мектеп - гимназиясының
мектепалды даярлық «0 - А сыныбы»
Тәрбиеші: Баймакашова Бану Садвокасовна

Жаңа жылға арналған тақпақтар:

Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Жаңа жылға арналған тақпақтар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×