Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Х дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітап туралы ойларын, хат тасушы мамандығы бойынша түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
2. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
3. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалау білуге тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақ
Түрі: Ашық сабақ
Әдісі: Ізденушілік, танымдық сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс формалары.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер, кеспе әріпт ер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Балалар, қазір бізде қандай сабақ болғалы тұр?
Бүгін бізде жай сабақ емес, бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабаққа барлықтарын жақсы қатысыңдар.
Әр топ өздерін таныстырады.
І топ. Дәрігерлер.
Дансаулық дауасы
Даланың ауасы
Көк өзен, күмбез тау
Ну орман, ағашы
ІІ топ.Почташылар
Ол жатқа біледі қаланы,
Бар көше, бар үйге барады.
Көп-көп хат келеді алыстан
Достардан, тумадан, таныстан.
ІІІ топ. Кітапханашылар
Кітап-білім бұлағы
Кітапхана сол кітаптар тұрағы
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз болып шығары.
ІІ. Өтілген материал бойынша жұмыс:
Кубизм әдісі бойынша
1. Дыбыс деген не?
-дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі
2. әріп деген не?
- естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
3. дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады. Өзі буын құрай алады.
4. дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады.
5. ю дыбысы қандай дыбыс?
-ю дыбысы қосарлы дауысты дыбыс.
6. « жақсы көрем» өлеңін жатқа айт.
Ә) Олай болса үйден оқып келген мәтін қалай аталады ? Жарыс.
-Балаларға мәтінді тізбектеп оқытып,мәтіннің түсінігін сұрау.
Мәтінмен жұмыс.
-Мәтін тақырыбы қандай?
-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
-Жарысып жатқан нелер?
-Қай аң жеңеді деп ойлайсыңдар?
-Қай аң соңынан келеді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа Дара мен оның досы Боти келіпті. Сендер бұл мультфильмді көрдіндерме? Олар- із кесушілер.
Тақтаға назар аударайық. Көгершін бізге бір нәрсе әкеле жатыр екен? Ол не деп ойлайсыңдар? Ол хаттар.
Хат деген сөзді барлығымыз бірге айтайық. Ең бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?
Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жібереді.
Хат тасушы адамды кім дейді?
-Пошташылар күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000 адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. Хатты жазып болған соң оны конвертке салып,сыртына хат алушының мекен жайын жазып,поштаға апарып саламыз.Бұрынғы кезде пошта болмаған кезде осындай көгершіндер пошташының рөлін атқарған.
-ендеше, бүгін біз сендерменх дыбысымен, әрпімен танысамыз.
- Х дыбысын дыбыстайықшы.
-Қандай дыбыс екен?
Хх дыбысына тоқталу-дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген.
-Қай үйшікке саламыз? Хат сөзін дыбыстап,дыбыстық талдау жасайықшы.
-Балалар қараңдаршы, бізге хат әкеле жатқан көгершін адасып кетіпті. Біз оны іздеп табайықшы. Бізге кім көмектесе алады?
- Дұрыс айтасыңдар саяхатшы Дара мен Боти. Олар қайдан табарын білмегенде кімнен көмек сұрайды?
- Картадан.
Орман, өзен, үй.
-Ең алдымен қайда барамыз?
-Орманға. Орманға бара жатып мынадай тапсырмалар орындайық.
-Оқулықтағы жаңа сөздерді хормен оқып,әр сөздің мағынасын аша
отырып,сол сөзге сөйлем ойлау.
Міне, біз орманға жеттік. Бізге мұнда алайық түлкі кездесіп қалды. Ол бізге тиіспес үшін мынадай тапсырма орындайық.
«Адасқан әріптер» ойыны
Біз орманнан өттік. Енді өзенге барамыз. Өзенге барар жолда тағы тапсырмаларды орындайық.
0 1 2 3 4 5 6 7 8
А3+3= п 2+2= а 6-3=
т 5-3= к 3-3= х 2+3=
н 1+6= а 7+1= і 3-2=
Кітапхана» деген сөзді қалай түсінетіндері жайлы сұрау, ойларын ортаға салғызу.
VIII Пікір алу стратегиясы.
- Балалар, біздің мектепте кітапхана бар ма?
- Кітапхана бар.
- Кітапханада нелер бар?
- Кітапханада журналдар, газеттер, қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.
Кітапхана туралы біраз мағлұмат беру. Кітапхана мәтінін оқушыларға тізбектей оқыту. Мәтінді талдау.
Сергіту сәті.
Міне өзенге жеттік. Өзеннен өту үшін бізге қайық керек. Қайықты табу үшін дәптермен жұмыс жасайық. Дәптерімізді ашайық, х дыбысын әдемі етіп жазайық.
Дәптерімді ашамын,
Қолға қалам аламын,
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамын.
Өзеннен өттік, енді қайда барамыз? Үйге.
Жолда бос бармай, жұмбақтар шешейік.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)
Үйге жетіп, көгершінді табу үшін «кітапхана» деген сөзден сөздер тудырайық.
Кітапхана
Ал, енді, осы хатпен танысайық.
–Президентіміздің жолдаған хатын әрбір оқушы дауыстап оқиды.
Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.
Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетіңдеріңе сенемін.
Қазақстан Республикасының Президенті.
Бекіту.
Жарайсыңдар, балалар. Сендерге саяхат жасаған ұнады ма? Саяхаттың қай бөлігі сендерге ұнады? Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық. Х дыбысынан басталатын қандай сөздер айтып үйрендіндер?
Қортындылау
-Балалар бүгінгі сабақтан біз көп нәрселерді үйрендік. Сол істі әрі қарай жалғастыру сендердің міндеттерің.кітапты көр оқып болашақта сендер ақылды, білімді ел азаматы болып шығуларын керек
Үйге тапсырма: кітапхана мазмұндау. Х дыбысын жазу.
Мадақтау.
Х дыбысы мен әрпі
- мока
- 24 қаңтар 2014
- 4107
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ бастауыш сыныпқа
Ұқсас жаңалықтар:
Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Дыбыстарды таныту. Жазба, баспа, жазу емлесін таныстыру. Х әрпі арқылы жаңа сөзді оқып, сөз, сөйлем ойлатуға, тілдік қорын байытуға...Х дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...Х дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...Х дыбысы мен әрпі
ШҚО Аягоз қаласы, №2 "Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур Турарбековна...«Ю» дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі Мақсаты: «Ю» дыбысын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.