Сабақтың тақырыбы: Жалқау немере
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға еңбек ету туралы негізгі ойды ұғынуға көмектесу.
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың топпен жұмыс жасауына бағыт беру;
- оқушыға жағымды, жағымсыз әдеттерді білуге және оларды салыстыруға орта құру;
- алған білімдерін өмірлік жағдайларда дұрыс қолдануға жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер:
- білім алуға, кітап оқуға, еңбек етуге үйренеді;
- өз ойын айтуға үйренеді;
- дәлелдеуге үйрену;
- өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді;
- теориялық білімдерін практикада зерттей алады;
- бір - бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға дағдылана алады.
Сабақтың әдісі: «RWCT» жобасының әдістері
Сабаққа қажетті материалдар:
Интерактивті тақта, ақ қағаз, тапсырмалар, сызғыш, қарындаш, кері байланыс парақтары, бақылау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Музыка
Ой қозғау
- Ертегі туралы не білеміз?
Дәптердегі жұмыстар.
Жеке жазу. Жұпта ойын таныстыру. Топта талқылау. Ұжымның ойын ортаға салу.
Әр топтан бір оқушы шығып айтады
ІІ. Мағынаны ашу
Мәтінмен жұмыс. Ертегіні мәнерлеп оқу. Мәтінді оқиды.
«Кубизм» стратегиясы
Сыныпты 6 топқа бөлу. Әр топқа кубтың қырларына байланысты тапсырмалар беру.
І топтың тапсырмалары.
Суреттеңіз.
- Жалқау баланың суретін салу.
- Жалқау немереге сипаттама беру
ІІ топтың тапсырмалары.
Қолданыңыз.
- Жалқау баланы біз қай жерден көре аламыз?
- Тағы да қандай басқа ертегілерде жалқаулық туралы айтылған
ІІІ топтың тапсырмалары
Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз
- Жалқау бала біздің сыныпта бар ма?
- Сенің досың жалқау болса, сен онымен дос боласың ба?
ІV топтың тапсырмалары
Ойыңызбен байланыстырыңыз.
- «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деген мақалды қалай түсінесің?
- Бұл ертегі неліктен осылай аталған?
V топтың тапсырмалары
Зерттеңіз.
- Жалқаулық туралы мақал - мәтелдер жазу.
- Немересінің еңбек етуіне не әсер етті деп ойлайсың?
VІ топтың тапсырмалары
Салыстырыңыз.
- Осы ертегіге сен қалай басқаша ат қояр едің?
- Жалқаулықты болдырмау жолдарына байланысты ережелер жазу
Әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғайды.
Оқушылардың ойын ақ қағазға жазады.
ІІІ. Ой толғаныс
«Бес жолды өлең» құрастыру
1. ________________Жалқау.
2. _________жаман, еріншек.
3. _____шаршайды, істегісі келмейді, тәртіпсіз.
4. Жалқаулық - жаман әдет.
5. ______________Еріншек.
Жеке жұмыс істейді, жұппен ойын бөліседі, топта талқылайды, әр топтан ең жақсы деген жұмыс оқылады.
«Мен қандаймын?» - оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың басына оралу, толықтыру
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең – еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Үйге: Жалқауға хат жазу
Бағалау: қорытынды жұмыстар бойынша бағалау
Оқушының аты - жөні Ертегі туралы не білесің? Жаңа сабақ
Топтағы жұмыс Бес жолды өлең Бағасы
Сұраққа жауап беру Сурет салу Қорғау
Жалқау немере
- Ореке
- 18 қаңтар 2014
- 11427
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жалқау немере, жағымды, жағымсыз әдеттер
Ұқсас жаңалықтар:
Еңбекқорлық пен еріншектік
Пәні: Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін...Алтын балта ертегісі
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Убайтжанова Айсұлу...Еңбек - бәрін жеңбек
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...«Еңбек түбі ― береке»
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Абишева Камшат Сырымқызы...Сіз жалқау емессіз бе?
Сіз жалқау емессіз бе? Шай ішетін үстел үсті жиналмаған, киіміңіздің әрқайсысы әр жақта, теледидардан бастап сүйікті кітабыңызға дейін шаң басқан....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.