Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.
Дамытушылығы: халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Ой қозғау, топпен жұмыс, түсіндіру.
Әдісі: Сұрақ - жауап, СТО технологиясы.
Нәтиже: 1. Оқушы төрт түліктің ерекше қасиеттерімен танысады.
2. Сөзуар сөзінің мағынасын түсіндіру.
Көрнекілігі: Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттер,
мақал – мәтелдер, топтастыру, тыйым сөздер.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері: 2 мин

Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балалық шақ үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз.

Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа жақсы қатысамыз. Сабағымыздың мақсаты төрт түлік малдар туралы толық мағлұмат алып, пысықтау.
Қазір біз топқа бөлініп алайық. Үстел үстінде сандар жатыр. Сол сандардың кез – келгенін аламыз.
Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
І топ – «Сиыр»
ІІ топ – «Түйе»
ІІІтоп – «Қой»
ІҮтоп – «Жылқы»

Есік қағылады.
Хат келді. Пошташы ағай хат тастапты. Оны жануарлардың пірлері жіберіпті. Бізге топпен орындалатын тапсырмалар берген екен. Пірлерін сұрап жіберу.
1 - тапсырма 2 мин
Үйге берілген тапсырманы бағалау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Түйе өлеңін жаттауға берілді.
Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады. Бағалайтын Мөлдір.

Жаңа сабақ 1 мин

Сөзжұмбақ
Т А Й
Т Ү Й Е
Л А Қ
І Р І М Ш І К
К И І З
1. Жылқы төлінің атауларының бірі.
2. Жыл атауынан құр қалған жануар.
3. Ешкі төлі.
4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам
5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

Қандай сөз шықты? (Түлік)

Яғни бүгінгі тақырыбымыз, Төрт түліктің кеңесі деп аталады.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты ашамыз. Мәтінге саусақ түсірейік. 2 мин
1. Мұғалім оқу.
2. Іштей оқу.
3. Хормен оқу. Әр топ өзінікін.
4. Мұғалім түсіндірмесі. 1 мин
Сиыр айтады екен Мен шөбі қалың жерге барсам, Тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.
Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау - тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді.

Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.
Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді.

2 тапсырма Жұппен жұмыс
Топтың екі оқушысы бір - біріне мазмұнын айтып береді. Бұған 1 минут уақыт беріледі. Бір бала 30 секундта айтып болуы керек.
Әр топтан бір оқушы шығып келесі топқа айтып береді. 1 мин Бағалайтын Ләйлә.

Сергіту сәті. Жануарлардың дыбысын салайық.
Малдарды қалай шақырамыз?
Әр топ айтады. Алдарына шар беріледі. Сол шарға 1 минутта өз жануарының суретін салады. Салған суретке ұпайды мен беремін.

Дәптермен жұмыс Бүгінгі күнді жазып тақырып жазылады, тақтадағы сөздер дәптерге жазылады. 2 минут

Сөздік жұмысы
Біту - қандай адамның қолына барғысы келетін айтады.
Қоры үзілген қу - азығы таусылған кедей.
Зор -
Сен білесің бе? 1 мин
Слайдпен жұмыс.
Қазақ халқында малды ұстап байлайтын жабдық атаулары бар.

Түйеде – бұйда
Жылқыда - ноқта
Сиырда - бас жіп
Өгіз еркек малында - мұрындық
Қой - ешкіде - көген

Қазақта малды топтап жаятын болған.

Түйенің тобын – келе
Жылқының тобын - үйір
Сиырдың тобын – табын
Қой - ешкінің тобын – отар дейді.

3 - тапсырма. 10 мин
Шығармашылық жұмыс. Әр топ өзінің тобын қорғау.
Әр топ өзінің жануары туралы жаттаған өлең, тақпақ, жұмбақ ізденіс жұмыстарын айтып береді. Бұған әр топ белсенді қатысуы керек. Бағалайтын Диана

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан үйрендік, ойымызды қалай түйіндейміз? Соны кластер құру арқылы білдіреміз. Кластер сызу. 1 мин

Бағалау кезі келген сияқты. Топпен жұмыс болғандықтан барлық бала бірдей бағаланады. ең үлкен ұпай алған топ - 5
Қалғаны - 4
Үйге тапсырма, Мәнерлеп оқып келу. Хрестоматиядан төрттүлік туралы өлеңдерді оқу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×