Математика 3 сынып
Тақырыбы: 5-ке көбейту мен бөлу
Мақсаты: 5-ке көбейту мен бөлу кестесінің құрылуы жөнінде түсінік қалыптастыру. Көбейту мен бөлудің өзара байланысын ашу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың 5-ке кестелік көбейту және бөлу кестесімен таныстыру. Көбейтуді пайдаланып бөлуді орындай алуға қалыптастыру.
2. Оқушылардың зейінін, ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштап, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыны ізденуге, салыстыруға,, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, қамқорлыққа баулу..
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық ойындар, суреттер, сызбалар, кесте.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, ой қозғау, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, балалар. Қазір математика сабағы. Сондықтан сабақты мына сөздермен бастамақпын:
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер
• Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер;
• Жасау үшін бәрін де математика -
• Ең маңызды ғылым бұл, сондықтан да,
• Сондықтан да сол ғылымның тілін біл! –
• дей отырып үй тапсырмасына кезек берсек.
Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Біз қысқы орманға саяхат жасаймыз.
Ақшақар орманда адасып кетіпті. Ақшақарды Аяз атаның үйіне жеткізіп тастауымыз керек. Әйтпесе біз жаңа жылды қарсы ала алмай қаламыз. Алдымен үй тапсырмасын қалай орындапсыз соны тексерейін. Содан кейін ғана саяхатты бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеремін.(Оқушылар жауаптарын тыңдау)
Ауызша
1) 3 қорап сіріңке үшін 9 теңге төленді. 1 қорап сіріңкенің бағасы қанша?
2) Бір қорап сіріңкенің бағасы 3 тг. 12 теңгеге неше қорап сіріңке сатып алуға болады?
3) ойыншық ұялы телефонның бағасы 70тг. Осындай 4 ұялы телефонның құны қанша?
4) 3 құттықтау хатының құны 300тг. Құттықтау хатының бағасын тап?
Қорытындылау:
Заттың құнын қалай табамыз?
Заттың бағасын қалай табамыз?
Заттың санын қалай табамыз?
• Жолда қиыншылықтардан өту үшін, бізде қандай
қасиеттеріміз болу керек?
Әзіл. Білім. Жалқаулық. Назар.. Ұқыптылық. Тәртіпсіздік. Қамқорлық..
Тақтаға назар аударайық.
(Бізге керек қасиеттер болса, шапалақтаймыз, ал қайсысы бізге бөгет жасаса, шапалақтамаймыз.)
Енді саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
ІІІ.«Ой қозғау» - ойыны, ауызша есептеу. Мынау көңілді аққала. Ол бізге жол көрсетпекші. Бірақ бір шарты бар. Мына тапсырманы ауызша шығаруымыз керек?
Алдымен бізді сиқыры қыс қарсы алды. Қыс саяхатқа шықпастан бұрын жаңа тақырыпты түсініп алу керектігін ескертеді.
ІҮ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардың оқулықтары жабық тұрады.
- Балалар тақтаға назар аударайық. 5 - ті көбейту кестесі неге 5∙5 - тен басталып тұр.
Шаршылар арқылы көрсету, оқушылар жауабын тыңдау.
Өздері ары қарай жалғастырады.
5∙5=5+5+5+5+5 5∙5=25
5∙6=5+5+5+5+5+5 5∙6=30
5∙7=5+5+5+5+5+5+5 5∙7=35
5∙8=5+5+5+5+5+5+5+5 5∙8=40
5∙9=5+5+5+5+5+5+5+5+5 5∙9=45
- Теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырайық.
Әрбір жолдағы өрнектің мәні келесі жолдағы өрнектен нешеге артық?
Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
№2 Енді қыс сендердің байқағыштық қасиеттеріңді тексергісі келіп тұр.
6∙5=5∙6
7∙5=5∙7
8∙5=5∙8
9∙5=5∙9
5-ке көбейту кестесінің қалай құрылғанын түсіндір. Неге сүйеніп осылай орындаймыз.
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру кезеңі:
Дәптермен жұмыс.(Өз бетімен жұмыс)
Сонымен біз орманға барамыз. Бірақ Қыс Ақшақарды жібергісі келмейді, ол біздің ұқыпты екенімізді көргісі келеді.
Оқулықты ашайық.(№4.) Дәптерге жазу ережелерін сақтап, көбейту кестесін аяқтаймыз. Тапсырманы болғандар түзу отыра қаламыз.
№4 5-ке көбейту кестесін аяқта.
5∙5=25 6∙5=30
5∙6=30 7∙5=35
5∙7=35 8∙5=40
5∙8=40 9∙5=45
5∙9=45
Әрі қарай орманға кіреміз..
Оқулықпен жұмыс.
Жолда бізге бұғы кездесті, ол бізге жолға сызба жазып қойған екен.. Соны қарап көрейік.
: 5
∙5
Бөлудің компоненттерін атаңдар.
5-ке бөлу кестесін құрғанда неге 5-ке көбейту кестесі қолданылады?
25: 5=5 себебі 5∙5=25
30: 5=6 себебі 6∙5=30
35: 5=7 себебі 7∙5=35
40: 5=8 себебі 8∙5=40
45: 5=9 себебі 9∙5=45
- Жақсы, балалар, бұл тапсырмамен де мойынсұнбай өттіңдер.
Балалар, қараңдаршы, ана арғы жолда кім тұрғанын.?
- А, бұл бұғының бұзауы екен ғой. Ол да анасы сияқты бізге Ақшақардың үйіне жету үшін көмектескісі келеді. Ал ол үшін балалар мына тапсырманы орындасақ, орманға жүрер жол ашылады. Бұғы біздің есептеу қабілетімізді тексергісі келеді.
Біз бұғылар отбасымен мына сыннан да өттік, енді әрі қарай жол жүреміз. Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз.
- Бізге қарсы түлкі шығып келеді. Қараңдаршы, ол да жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жүрген секілді тапсырмасын орындасақ жол көрсетемін дейді. Киімі де әдемі екен. Тапсырмасын орындап көрейік. Тақтаға екі оқушы шығады.
№6 өрнектер құр және олардың мәнін тап.
5∙6=30 10: 5=2
5∙4=20 20: 5=4
5∙3=15 15: 5=3
5∙8=40 30: 5=6
Керемет, балалар, бұл тапсырмадан да мойынсұнбай өттіңдер.
Иә, жол деген қиын, шаршаған сияқтымыз. Біраз бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Бұғының үлкен үйі бар,
Әйнектен көзін салып тұр.
Орманнан қашқан бір қоян
Есікті келіп қағып тұр.
Тық - тық - тық, аш есікті,
Орманға аңшы жетіпті.
Қоянжан, енді тұрыс не?
Қолыңды соз, кір ішке.
• Бізге қарсы қоян жүгіріп келеді.
Қараңдаршы, ол да бізге жол көрсетпекші.. Қоянның мына тапсырмасын орындасақ, ары қарай қалай жүру керектігін көрсетемін дейді. Ендеше мына есептердің жауаптарын тауып көрейік.
№7 (ауызша есептеу)
1) Қауынның массасы 5кг. Осындай 7 қауынның массасы қанша?
2) 5 ашық хатқа 25 теңге төленді. Бір ашық хат бағасы қанша?
3) Бір жапсырғыш бағасы 5 тг. 40теңгеге осындай неше жапсырғыш сатып алуға болады?
Қоянның тағы да бір тапсырмасы бар көрінеді. Білімімізді тексергісі келеді. Мұны біз дәптерге орындап берейік.
(өз бетімен жұмыс)
4∙в өрнегінің мәнін тап, мұндағы в=1, 2, 5, 8, 9, 0
4∙1=4 4∙8=32
4∙2=8 4∙9=36
4∙5=20 4∙0=0
Керемет, балалар, бұл тапсырмадан де мойынсұнбай өттіңдер.
Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз. Жарайсыңдар, балалар!
Бәріміз саяхатымызды жалғастырайық
Өзеннен өту қиын болып тұр. Егер біз түлкінің тапсырмасын орындасақ, онда біз арғы жағаға өтетін боламыз.
- Жағаның ар жағында тұрған анды көрдіңдер ме?
- Қалай ойлайсыңдар, ол қайда бара жатыр екен?
Өзенді абайлап өтуіміз керек. Жолбарыстың тапсырмасын орындамасақ болмайды., өйткені ол сирек кездесетін аң, олар өте аз қалды, сол себепте де Қызыл кітапқа енгізілген.
№10 1)
Түске дейін - 6 орындық
Түстен кейін – 4 орындық 2 щұңқырдан -?
Шешуі:(6+4)∙2=20
Жауабы: 20 шұңқыр қазу керек.
2)
Жұлдызгүл - 10 гүлден 5 қатар
Күзгүлі - 42?
Шешуі: 10∙5+42=92(г)
Жауабы: 92 гүл өсіп тұр.
Мінекей, біз қазір басқа жағада тұрмыз. Жарайсыңдар, балалар!
Біз кешікпеуіміз керек. Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
• Әрі қарай барамыз. Қайыңдар мен қарағайлар қастарынан өтеміз. Қалай әдемі! Бұтақтарда құстар отыр, олар қазір ұша алмайды, біз қалдықпен бөлуді шешкеннен кейін ғана ұшып кете алады.
Балалар, құстарға ұшуына көмектесейік.
№11. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.(қатар бойынша жұмыс)
6: 5=1(қалд. 1) 7: 5=2(қалд. 2) 8: 5=1(қалд. 3)
1∙5+1=6 2∙5+2=5 1∙5+3=8
9: 5=1(қалд. 4) 11: 5=2(қалд. 1) 12: 5=2(қалд. 2)
1∙5+4=9 2∙5+1=11 2∙5+2=12
• Бізді орман жолында кім күтіп тұр екен? Қасқырлар. Олар жолды жауып тұр. Балалар, оларды бірге алайық. Олар біздің достық ниетімізді көрсетейік.. Тапсырмасын орындап берейік.
Математикалық диктант. Мұның тек жауаптарын ған жазу керек.
30 45 30 45 40
9 7 8 6 5
40 35 35 25 4
• Жауаптарын интерактивті тақтадан көрсету, өздеріңді тексеріп шығыңдар, бағалаңдар
. Сабақ қорытындысы:
Балалар, Ақшақардың үйіне де келіп жеттік. Мұнда Аяз ата да бар екен. Аяз атаға бүгін қандай тақырыппен танысып, не білгенімізді айтып берейік.
Кезекпен тұрып 5 - тің көбейту кестесін айтып шығады?
• Балалалар, алдарыңдағы домалаққа жаңа жылда не алғыларың келетінін жазыңдар. Үйлеріңа апарып, бір жерге жапсырып қойыңдар. Аяз ата тілектеріңді орындасын деп тілеңдер.
Міне, саяхатымыз да аяқталды. Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылға дайындалу керек. Үйге беретін тапсырмасы бар, соны жазып алыңдар:
№8,№12,№13 (102 - 103бет)
5-ке көбейту кестесі жаттау.
Ұнаса бұл сабағым
Шапалақтап қойыңдар.
Ертең келіп сабаққа
Көбейту кестесін жатқа айтыңдар
Аяз Ата сендерге хат тастап кетіпті.
Жол қиын болды
Бірақ мойынсұнбай өттіңдер. Достар,
Сондай дарынды балаларды
Өзімнің орманымда кезіктірдім!!!
• Мынау Аяз атаның сендерге сыйлық ретінде бағалары
• Сонымен бүгін біз не істедік?(Саяхатқа шықтық)
• Саяхат кезінде жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер.
• Жарайсыңдар, сендерге рахмет!
5-ке көбейту мен бөлу
- Жадыра К.С.
- 23 желтоқсан 2013
- 6443
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 5 көбейту мен бөлу, бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу
Оқушыларға нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлудің мән - мағынасын аша отырып, есептер шығару. Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа,...Қалдықпен бөлу
2 - нің, 3 - тің, 4 - тің кестелік көбейту кестесі деңгейінде сандарды қалдықпен бөлуді үйренеді. Көрнекіліктерді пайдаланып, санды қалдықпен бөлуді...5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты: 1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу...5-ке көбейту және бөлу кестесі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Танирбергенова Мулдире Колганатовна...5-ке көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.