Сайтқа кіру Тіркелу

Ф дыбысы мен әрпі. Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді, дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету

Әдіс тәсілі: Сатылай кешенді талдау, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ф әрпінің баспа, жазба түрі, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: а) Психологиялық дайындық
«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Оқушылар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
- В дыбысы мен әрпі және «Вокзал»мәтінін оқып келу.
- В дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы)
-«Вокзал»мәтінін тізбектей оқыту.
ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
Ойын «Әріптер әлемі» Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз, сөйлем ойлату. Тақтада бірнеше әріптер берілген, осы әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлаймыз. Х, ю, һ, в. Хат, ою, жиһаз, вокзал. Ағам хат жазды. Әжем ою ойды. Біз жиһаз алдық. Вокзал үлкен және әдемі.
ІҮ. Жаңа сабақ
- Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?

Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)

Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (футболшы)

- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.

- Мынау не?
- Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо - нарь
- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты

Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.

Футбол өлеңін оқып беру.

Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Сіздерге футбол ойыны ұнай ма?
- Оны қалай ойнаймыз?
- Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек?
- Арнайы футбол ойнайтын алаңда
- Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
- әл - Фараби өлеңін оқып бері, түсіндіру.
- әл - Фараби – ғұлама, данышпан, ғалым.
Бала болсаң талапты,
Біліп өскін Фарабты.
Әбу Насыр қаланың
Әлемге атын таратты.

Ү Оқулықпен жұмыс
4 топқа бағандағы сөздерді, футбол, әл - Фараби өлеңдерін оқыту.
Сергіту сәті:
Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1 - шықпен бетін жуды,
2 - шыр айналып бұрылды,
3 - еңкейіп жерге жетті,
4 - дегенде ұшып кетті.

ҮІ Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.

ҮІІ Шығармашылық тапсырма.
1 топ «Сөз ойла, тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау, жазу.)
2 топ «Адасқан буындар» (берілген буындардан сөздер құрау)
3 топ «Қай әріпті жоғалттым?» (көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» (берілген суреттерге сөйлем құрау.)

ҮІІІ Сабақты қорыту
- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
- Оқушылар тақтада сандар қатары берілген, сандарды тура санасаңдар құпия сөзді табасыңдар.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№ 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×