Абайды оқу әліппесі 3 сынып
Тақырыбы׃ Көңіл - күй лирикасы
Мақсаты: Білімділік: көңіл - күй лирикасы туралы еске түсіре отырып, олардың түрлерін анықтау, Абай өлеңдерін талдау
Дамытушылық: ой - қиялын дамыту, ақпараттық құзыреттілік арқылы шығармашылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың ұлы адамдардан үлгі - өнеге алуына, олардың өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ұлы адамдардың суреттері, нақыл сөздер.
1. Психологиялық ахуал туғызу
2. Қызығушылықты ояту /Мәселені шешу құзыреттілігі/
Өлең дегеніміз не?
Өлең - белгілі бір өлшеммен қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі.
Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не?
Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.
1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лиракасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл - күй лирикасы
3. Мағынаны тану /ҚЫСҚАША ШОЛУ/
Абай лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін сызба бойынша талдау
1. Авторы Абай Құнанбаев
2. Тақырып – бұл өлең табиғат туралы. Өлеңде ақын табиғат пен махаббатты үндестіре суреттейді.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең).
4. Идеясы - Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді. Жазғытұры», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» Абай табиғатты шебер жырлаған, өзінше ерекше жырлаған. Оның табиғаты жанды, үнемі қозғалыста. Бұл табиғат лирикасы
«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»ойын бос жүріс, алдымен білім алу керектігін жастарға айта білді. - философиялық лирика
4. «Қожанасыр қоржыны» сұрақ - жауап
Сиқырлы конверт» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Балалар «Балдырған» өзі келе алмай «сиқырлы конверт» беріп жіберіпті. Оның іші толған төрт пен бес. Ол бағаларды алу үшін
кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау керек.
1. Лирика дегеніміз не?
2. Абай өлеңдерінің тақырыбы қандай?
3. Лирика неше түрге бөлінеді?
4.. Махаббат туралы қандай өлеңдері бар?
5. Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай?
5. Мәселені шешу құзыреттілігі /Өздігінен жұмыс/
А әрпінен басталатын қыздардың атын жаз
Ақыл сөз /С. Торайғыров/
Іздесең, сөзді, асыл, Асыл сөзді іздесең,
Ерінбе, Оқы, Абайды. Абайды оқы, ерінбе.
Көздесең, адамдықты, Адамдықты көздесең,
Көңілге, тоқы, жаттап , тоқы көңілге.
Сөздің әріптерінің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөз жаз
Үлгі: нота - отан
Вена --, қатар -...., алуа -..., қарта -..., аршын -..., ағат -..., күрке -..., шара -..., рота -..., орақ.
6. Ой түйіндеу
Қуанған, мұңайған, таңданған және ашуланған баланың суретін сал
Көңіл - күй лирикасы
- izagul
- 8 қыркүйек 2019
- 26392
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Көңіл күй лирикасы, Абай өлеңдерін талдау
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;...Абай - дана, Абай - дара қазақта
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...Түбір және қосымша
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Абай - дана, Абай - дара қазақта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.