Сайтқа кіру Тіркелу

Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: «Г» ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру.
Дамытушылығы: ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отыра сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру.
Түрі: ойын сабақ
Стратегиялар: көрнекілік, әңгімелесу, ой қозғау, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: заттық суреттер, гүлдер «Г» түймедағы гүл ретінде сызба нұсқа мультфильм кейіпкерлері, буындар, суретті диктант, Г әрпінің жазылу
үлгісі, кубиктер, қорапша, үлестірмелі гүлдер.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Кел, балалар, келіңдер,
Мультфильмді көріңдер
Бізде қызық ойын бар,
Бізде қызық жұмбақ бар
Бәрің, қане, тыңдап қал!
Оқушыларға бүгінгі сабағымызда мультфильм кейіпкерінің қонаққа келгенін, олар өздерімен бірге тапсырмалар әкелгенін айтып өтемін.
Үй тапсырмасы.
1) Чип: « Ой қозғау» сұрақ – жауап
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү - сөздің қай жерінде кездеседі?
2) Дейл: «Кім алғыр?» «Кім кінәлі?» өлеңін 1 - 3 оқушыдан, одан кейін хормен жатқа айтқызу.
3) Микки Маус: Кім шапшаң?
Буындарды тақтаға іліп, буыннан сөз құрастырады.
үй кү жү

Үйшік Күріш Жүрек
Үймек Күміс Жүзім
Үйрек Күшік Жүзік

ІІ Жаңа сабақ: 1) Аю, Жұмбақ
Қоссаң екі бөлікті
Басқы менің бөлігім
Отын түрі бағалы
Ал келесі бөлігім
Елдің ұлттық тағамы
Қане, дұрыс қосқаның
Жәшікті аш поштаның
(газ+ ет) Газеттің қандай пайдасы барын сұрау.
2) Ит: Біліп ал
Г дыбысы – дауыссыз дыбыс, ұяң, шұғыл айтылады, тіл арқылы жасалады, - деп
«Түймедағы» гүлін құрастырып, тақтаға ілу.
Суреттер арқылы Г дыбысының орналасу ретін анықтап, қорытындыланғаннан кейін
Г дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Гүл күлтесін алу. Г әрпінің баспа және жазбаша түрін көрсетемін.
3) Не шыққанын сұрап, гүлдің қандай пайдасы бар екендігін сұрау.
а) Гүлдің бөлмеге, далаға көрік беріп, әрі ауаны тазартатыны туралы оқушылар өз ойын айтады.
ә) Оқулықтағы гүл суретіне қарап, әрі текшемен гүл сөзін жазады, дыбыстық талдау жасайды.
1 буын, бітеу буын, 2 дауыссыз, 1 дауысты дыбыс бар екендігін айтады.
4) Қоян: (Сергіту сәті)
Қоян, қоян тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Киміңді киші,
Мектебіңе қарай жүрші
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы.
5) Винни – пух: 93 - беттегі бағандағы сөздерді оқып беру, мағнасын ашу.
Егін – бидай егілген алқап
Егеу – үй шаруасында қолданылатын құрал
Сегіз – сан
Кереге – киіз үйдің бөлігі
Бетеге - өсімдік
Шеге - үй шаруасында пайдаланатын, ағашқа қағатын зат.

Неге – сұрақ
Мезгіл – уақыт
3 - буынды, әріпті сөздерді оқыту
6) Қасқыр: «Ақ көгершін»
Ақ көгершін - бейбітшілік құсы. «Ақ көгершін» әні. Авторы: Н. Баймұхамедов.
Өлеңді оқушыларға айтып беру.
Ақ көгершін, көгершін
Қолқанат құс сен едің
Бар, кезіп қайт, ел үшін
Кең дүниенің көлемін
Әділеттің құсы деп
Көз алмастан жолыңнан
Бақыт құсы болсын деп
Ұшырамын қолымнан
7) Пятачок торай:
Жазу жолындағы сөзді оқыту. Гүлжан гүл өсірді. Гүл. Егін. Егіз. Сегіз.
8) тышқандар: Дәптермен жұмыс. Арнайы дәптерге Г әрпінің үлкен және кіші әріптерін жазады.
Сабақты бекіту
1) Леопольд: « Суретті диктант»
Үтік, жіп, үкі, кірпі, піл.
ІІІ. Сабақты қорыту.
1) Чиполино: Ой қозғау
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Г дыбысы қандай дыбыс?
- Қалай айтылады?
- Г дыбысы қалай жасалады.
- Г дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- «Түймедағы» гүлін көрсете отырып, Г дыбысы дауыссыз дыбыс, ұяң, тіл арқылы жасалады, - деп сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
ІV. Үйрек балапандары:
а) «Ақ көгершін» өлеңін жаттау.
V. Оқушыларды мадақтау.
Үйрек балапандарының сиқырлы қорабынан гүлдерді алып, сабаққа белсенді, өте
жақсы қатысқан оқушыларға – қызыл гүл, жақсы қатысқандарға көк гүлдерді беріп, мадақтап, сабақты аяқтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×