Сабақтың тақырыбы: СЫН ЕСІМ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Дамытушылығы: Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреті, сөзжұмбақ, сызбалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың әзірлігін бақылап, назарларын сабаққа аудару.
Қазақ тілі - бал тілім.
Өзің барда шалқыдым,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін, - деп,
Қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Абай Құнанбаевтің "Желсіз түнде жарық ай" өлеңімен бастау. Көрініс: Абайдың жастық шағы.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
- Сөз таптарын атаңдар.
- Зат есім, етістік, сан есім, сын есім.
- Зат есім деген не?
- Заттың атын білдіретін сөздер.
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Кім? не? кімдер? нелер?
- Етістік дегеніміз не?
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
- Не істеді? не қылды? қайтті?
- Зат есімге бірнеше мысал келтіріңдер.
- Мысал: аспан, оқушы, жұлдыз.
- Енді, осы зат есімдердің түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді табайықшы, ол үшін есімізге түсірейікші, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
- Қандай? қай?
- Көк аспан, тәртіпті оқушы, жарық жұлдыз.
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
III. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу
- Бұның басқа сөзжұмбақтардан біраз өзгешелігі бар. Мен сендерге зат есімдерді айтамын, ал сендер сол зат есімнің түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді немесе қандай? қай? сұрағына жауап беретін сөзді табуларың керек.
Ж У А С
Ж Ы Л Ы
Ұ З Ы Н
К Е Ң
Ж А С Ы Л
Б И І К
Ә Д Е М І
1. Қой
2. Тон
3. Арқан
4. Көше
5. Жапырақ
6. Тау
7. Қыз
- Міне, (жасырын) торкөздерден біздің бүгінгі сабағымызды тауып алайықшы.
Сын есім.
Ереже. Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылды.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер құрамына, қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді, яғни сөз табына бөлінеді.
Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, етістік сол заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді, ал сын есім сол заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді. Міне, осыдан қандай қорытынды шығаруға болады.
IV. Ой шақыру стратегиясы. Оқушыларға сын есімнің ережесін айтқызу.
Сын есімнің маңызды белгілерімен танысу. Кадоскоп арқылы көрсету.
1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ, сұр, қызыл, т. б.
2. Заттың көлемдік, салмақтық белгісі: биік, кіші, ұзын, қысқа.
3. Заттың сапалық белгісі, сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек, зерек, ақылды, жалқау.
4. Заттың дәмін, иесіне сипатталатын белгілері: ащы, тәтті, жұмсақ.
5. Қимыл, іс - әрекетіне, мезгілге қатысты сынды білдіреді: балалы, тасты, жазды, аспал, білімді.
6. Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау.
1 - жаттығу. Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есім қойып, мақалдарды толықтырып жаз.
1. Әдепті бала - арлы бала, (қандай?)... бала - сорлы бала.
2. Үлкен кісі бастар, (қандай?)... кісі қостар.
3. Жақсы бала - қуаныш, (қандай?)... бала - күйініш.
4. Ұсталы ео озар, (қандай?)... ел тозар.
2 - жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз. Туынды сын есімдердің атын сыз. Оларды сөз құрамына талда. Туынды сын есім қандай сөз табынан жасалған?
3 - жаттығу. Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есім тауып, тіркеп жаз.
өнерлі өрен,
кеңес күй,
ерен еңбек,
кең көше,
суық су,
көңілді күн,
терең талап.
4 - жаттығу. Төмендегі сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөздер тауып жаз. Сонан соң сын есімдерге сұрақ қой.
Қызыл бояу (қандай бояу?).
Жалпақ тақтай (қандай тақтай?).
Өткір пышақ (қандай пышақ?).
Аласа үй (қандай үй?).
Қызық кітап (қандай кітап?).
Суық жел (қандай жел?).
Жүйрік ат (қандай ат?).
Тегіс жер (қандай жер?).
Шұбар жылан (қандай жылан?).
Сұр жемпір (қандай жемпір?).
Таза көйлек (қандай көйлек?).
Қалың жіп (қандай жіп?).
5 - жаттығу. Бос торкөздерге берілген сөзге әріп саны бірдей қарсы мәнді сөздер тауып жаз.
к е ң т а р
е с к і ж а ң а
ж а қ с ы ж а м а н
а қ ы л д ы а қ ы м а қ
ұ ш қ а л а қ с а л м а қ т ы
V. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерін есімізге түсірейікші:
1."Жаз"
Жаздүгін шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
2. "Күз"
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3. "Қыс"
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
4." Жазғытұры"
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейлі енер.
Осы өлеңнің ішінен қандай? қай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді таптырып тақтаға орындату.
VI. Қорытындылау.
Топтастыру стратегиясы.
Үйге тапсырма: 6 - тапсырма
Абайдың "Көзімнің қарасы"- әнімен аяқтау!
Сын есім
- Ләззат
- 7 желтоқсан 2013
- 62585
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сын есім, сын есім туралы толық теориялық білім беру
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....Зат есім
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады....Сын есім 4-сынып
Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...Сын есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Бибигул Ивановна Қазақ тілі пәні Сабақтың..."Сөз таптары"
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.