Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты математика

Сыныбы: 3 - сынып
Қызықты математика (презентациясымен)
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін - өзі бақылауға, өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап
Түрі: зергерлік сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы
І. Кіріспе
Жүргізуші:
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
- Саламатсыздар ма, ұстаздар 3 - сынып оқушылары! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан барлығы 10 оқушы қатысып отыр. Әр оқушы өзі үшін сайысады. Ең соңында қалған бір оқушы сайыс жеңімпазы атанады. Сайыскерлердің жауаптарын саралап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
/әділ қазылар алқасы сайланады/

1. Сайыс қатысатын оқушылар:
3 «Б» сынып
3 «д» сынып
2. Сайыс шартымен таныстырайын:
1 – айналым «Бәйге»
2 – айналым «Көкпар».
3 – айналым «Жорға».
4 – айналым «Қасиетті жетілік

ІІ. Негізгі бөлім 1 – айналым «Бәйге»
1-топ
1. 1 дм - де неше см бар?
2. 1 см - де неше мм бар?
3. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па?
4. Жұп сандарды, тақ сандарды ата.
5. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?
6. Бес бұрыш неше кесінділерден тұрады?
7. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең?
8. 1 сағатта қанша минут бар?

2-топ
1. 1 метрде неше дм, см бар?
2. Азайтуды қай амалмен тексереді?
3. Масса, оның бірліктерін ата.
4. Ұзындық және оның бірліктерін ата.
5. Уақыт және оның бірліктерін ата.
6. 1 сағатта қанша минут бар?
7. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 1м -? см, 1 апта -? күн
8. 2 мүшел -? жыл, 1 ғасыр -? жыл.

2 – айналым «Көкпар»
"Математикалық диктант
3 «Б» сынып
3 «д» сынып
"Математикалық диктант
10 және 60 сандарының қосындысына 8-ді қос. 10+60+8
70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қосу 70 +( 12 – 6 )
65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт. ( 6 5 – 5 ) – 30
90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос. 90 + ( 11 – 9

3 – айналым
«Жорға»
Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек

• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян
• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2кг
• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік
• Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам
• Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 3теңге

4 – айналым «Қасиетті жетілік»
Арнайы сұрақтар беріледі
1. Үш жүзді ата
2. Қазақтың киелі сандарын ата
3. Үш биді ата
4. Дүниенің неше тұсы бар?
5. Наурыз көженің құрамына неше зат кіреді?
6. Санға қатысты мақал - мәтелдер айт
Қорытынды: Әділ - қазы алқасы әділ шешімін беріп, дипломдармен марапаттайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×