Сайтқа кіру Тіркелу

Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: «Ц ц дыбысы мен әрпі»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау. Кластер әдісі арқылы сайқымазақтың бейнесін құрату;
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, сөзжұмбақ, слайд, сайқымазақтың суреті, бейнеролик;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Біз бүгінгі сабағымыздың барлық тапсырмасын орындасақ, сабақ соңында бір бейнені құрастырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы: Щ дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) Щ дыбысы бар сөздерді айту;
ә) Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу
щи, борщ, а - щы, тұ - щы, щет - ка
б) «Щеткалардың айтысы» рөлге бөліп оқу
Сайқымазақтың бірінші бөлігін құрастыру
ІІІ. Жаңа сабақ: «Ц дыбысы мен әрпі»
- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна
Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц
«Ц» дыбысы – дауыссыз, қатаң дыбыс
Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?

«Буын құра»
-----а
-----о
Ц---и
-----у
-----е
----ы
Сайқымазақтың екінші бөлігін құрастыру.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
1/ цех цирк концерт цифр
2/ Суретпен жұмыс
Суретке қарап, сөйлемді құрастыру
Циркте сайқымазақ пен ит көрсетті. Ит шығыршықтан секіруге дайындалып тұр.
3/ Бейнеролик көрсету
Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді мұғалімнің оқуы;
- Сұрақ - жауап
Циркте кімдердің, нелердің ойындарын көруге болады?
Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды?
Оқушыларға оқыту
Сайқымазақтың үшінші бөлігін құрастыру
Дәптермен жұмыс:
Ц әрпінің емлесімен танысу. Ц әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жеке жұмыс:
Тез тапсырма орындаған балаға карточкалар таратып, ондағы сөздерге дыбыстық талдау жаса
Сайқымазақтың төртінші бөлігін құрастыру
Шығармашылық жұмыс:
«Концерт» тақырыбына әңгіме құрастыру
Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би
биледі. Балалардың өнері тамаша болды.
Сайқымазақтың бесінші бөлігін құрастыру
Сергіту сәті:
«Қарлы кесек» ойыны
Соңғы дыбысқа сөз ойлау
Айна, ағаш, шеге, етік
Сайқымазақтың алтыншы бөлігін құрастыру
Ү. Сабақты қорытындылау:
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.
« Кім тапқыр?» ойыны
Түсіп қалған әріптерді орнына қой
... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент
а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...
Сөзжұмбақ шешу:
1. Көру мүшесі
2. Түрлі көкөніс қосып пісірілетін тағам
3. Циркке кім барды?
4. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз.
5. Құрылыс материалы.
6. Сайқымазақтың өнер көрсететін орны.
7. Астың дәмін келтіретін тағам
ҮІ. Үйге тапсырма: Ц ц дыбысы мен әрпін оқу
Сайқымазақтың сыйлығын үйлестіру
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×