Сайтқа кіру Тіркелу

Қонақжай

Дүниетану
Тақырыбы: Қонақжай (презентация түрінде)
Мақсаты:
● Жаңа материалды игертуге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Қонақ және қонақ түрлерімен таныстыру, мәтіннің мазмұның ашу, білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

● Сөздік қорын молайту, ой - өрісін, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
● Адамгершілікке, қонақжайлылыққа және ұйымшылдыққа баулу.
Кіріспе:
Қонақ – бұл арнайы шақырылатын жора – жолдас, туған – туыс, үйге келген кісілер. Шақырмай да алыстан ағайын – туыстар келеді. Келген қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсыну – ертеден келе жатқан салтымыз. Кез – келген отбасына сырттан қонақ келмей тұрмайды. Қонақ шақырудың дәстүрі әр түрлі. Қонақшыл кісінің әдетте, жора - жолдастары, дос - жораны көп болады.
Қонақ күту дәстүрі ел – жұрт арасындағы ізгі қарым – қатынасты нығайтады. Әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болады. “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бекер айтылмаған.
Қонақ түрлері:
1. Қылқима – түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз қонақ.
● 2. Қыдырма – ерігіп, желігіп, үйден – үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.
● 3. Арнайы – алыстан арнайы келген, жақын туған – туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас.
● 4. Құдайы - өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам.
Сөздік жұмысы
● 1. Меймандос – үйге келген қонақ.
● 2. Қонақжай – қонақты жылы жүзбен қарсы алған үйдің иесін айтады.
● 3. Ілтипат – қонақты шын жүректен, ыстық ілтипатпен күтеді, шақырады.
Шығармашылық орталығының тапсырмалары
● 1. Қонақ деген кім? Оны қалай түсінесіңдер?
● 2. Балаға тән салт – дәстүрлерді ата.
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5.”Қонақ күту - салтымыз” тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Өнер орталығының тапсырмалары
● 1. Үйге келген қонақты қалай қарсы аласыңдар? Қандай құрмет көрсетесіңдер?
● 2. Қонаққа барған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар? Қонаққа барғанда немесе қонақ келгенде қандай жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек?
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5”Қонақ қабылдау” көрініс көрсету.
Оқу орталығының тапсырмалары
● 1. қандай жағдайда қонақ шақырамыз?
● Кімдерді қонаққа шақырады?
● 2. Қонақ келгенде ата - аналарына қандай көмек көрсетіп, қызмет атқарасыңдар?
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5.”Қонаққа байланысты мақал - мәтелдер айту. Мағынасын ашып түсіндір.
Орталықтардың тапсырмалары.
● І. Шығармашылық орталығы: Қонақжай
● ІІ. Оқу орталығы: Ілтипат
● ІІІ. Өнер орталығы: Меймандос
Әр топ берілген сөздерден бірнеше сөздер құрастырып жазып шығу.
Қорытынды:
● 1. “Қонақ” деген кім?
● 2.”Қонақжай” дегенді қалай түсінесіңдер?
● 3. Қонақ түрлерін ата.
● 4.”Меймандостық, ілтипат” деген не?
● 5. Қонақ келгенде немесе қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
● 6. Дастарқан басында қандай әдеттерді сақтау керек?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×