Сайтқа кіру Тіркелу

Кесте тігістерінің түрлері

Мақсаты: 1. Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
2. Танымдық қызығушылығын дамыту, ой өрісін, қол шеберлігін, эстетикалық талғамын ұштау.
3. Еңбексүйгіштікке, қол еңбегінің меңгертуге, икемділікке, іскерлікке, өнерге баулу.

Көрнекілік: оқулық, кестелер түрлері (сурет ), еңбек құралдары, слайд, суреттер,
Сабақтың әдісі: теориялық, сарамандық жұмыс.
Кіріктірілген сабақ. Бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сарамандық жұмыс. Тігіс түрлерін орындау.
4. Білімдерін бағалау
5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қызым еркем – кестесімен көркем,
Ұлым көркем - өрнегімен көркем.
Қолөнері кестеде,
Сөз өнері - өлеңде.
1. Еңбек бәрін де.... (жеңбек.)
2. Еңбек түбі..... (береке)
3. Еңбек етсең..... ( емерсің)

Кіріспе.
Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән – мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Кестелеу өнері әр халықта бар. Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен тығыз байланысты.
Кесте – мата, киіз, т. б. материалдар бетіне әр алуан суреттер мен өрнектер салып әр түрлі жіптермен немесе әсем таспа, бисер, моншақтармен, т. б. қолөнері бар.
Кесте түрлері: шым кесте, айқас, қиғаш, терме, тышқаніз, баспа кесте, біз кесте.

ІІ. Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
2. Қайшының ұшын сабымен көтерме.
3. Өтпейтін, тозған қайшымен жұмыс жасама.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
5. Инемен дұрыс жұмыс істе.
6. Инені аузына жақындатпа.

ІІІ. Сарамандық жұмыс:
1. Суреттер, дайын үлгілерді көрсету. Кестеге тігуге қажетті жіптің түрлерін таңдап алу.
2. Сұрақ - жауап (ауызша)
* Кестелеуге қандай жабдықтар қолданылады?
* Кестелеуге қандай жіптер немесе таспа, т. б. заттар қолдануға болады?
* Кесте тігуге кергіш не үшін қажет? Қандай тігіс түрлерін және атауларды білеміз?
3. Жұмыс реті:
* Кесте инемен, бізбен, әр алуан түсті жіптермен, әсемдік таспалар, бисер және моншақтар қолданылып тігіледі.
* Иненің жуан, жіңішкелігі материалдың қалыңдығына және жіптің жіңішкелігіне байланысты болады.
4. Технологиялық нұсқау картамен жұмыс.
Кесте тігуге мата дайындап, оларды арнайы өлшем бойынша пішіп, кергішке керіп әзірледік. Таңдаған нәрсенің суретін салдық

Қазір сабағымызда, таңдаған баспа, шым кесте тышқан із тігіс түрлерін орындаймыз.
1 - әдіс: Шым кестемен өсімдіктің жапырақтары, гүл, сондай – ақ геометриялық ою - өрнектер кестеленеді. Кестенің бұл түрін кез м - келген матаға түсіруге болады. Мұндай кесте орамалды, киімді, дастарқанды безендіреді.
2 - әдіс: Тышқан із тігісі – тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір – біріне тіркесе тігіледі.
3 - әдіс: Баспа тігісі – тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Тігіс жиі, ашық жері қалмай орындалуы тиіс.
5. Жеке дара жұмыс.
- Көрсеткен әдістер бойынша оқушылар жұмыс істейді.
Кесте тігістерің көлемі біркелкі әдемі, ұқыпты, таза сапалы болуы керек.
Әр қатар өздерінің тіккен тігіс түрлерін ортаға шығып көрсетеді.

Қорытынды:
- Кесте түрлерін ата.
- Шым кестемен қандай өрнектерді орындайды?
- Кестеге арналған ине қандай болады?
- Кергіш не үшін қажет?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сәндік үй бұйымдарын көркем кестелеу

Сәндік үй бұйымдарын көркем кестелеу

Нәтижесі: Өздіктерінен үй бұйымдарын кестелеп, әсемдей алады.. Әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Қажет кезінде айқас тігіс түрін орындай алады....
Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...
Кесте тігу

Кесте тігу

Кесте – қазақ халқының көнеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Ол сан ғасырлар бойына халқымыздың көркем қиялы мен шеберлік құдіреті бейнеленген...
Кесте тігістерін тігу

Кесте тігістерін тігу

Жезқазған қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кадырова Асем Дулатқызы...
Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері

Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері

Жезқазған қаласындағы, Жалпы білім беретін №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ардак БАЛАБИЕВА...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×