Сайтқа кіру Тіркелу

Не тәтті?

Сабақтың тақырыбы: Әжесі мен немересі. Не тәтті? Өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты: Ана, ананың алақаны, анадан ыстық, артық адам жоқ екені туралы, түсініктерін қалыптастыру, шешендік сөздер, Жиренше шешен туралы мағлұмат беру,
Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар:Жиренше шешеннің суреті, сызбалар, суреттер, ребус
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, Топтастыру әдісі, көрнекілік, «Бес жол» өлең әдісі

Сабақтың барысы:
I]. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II. Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастайық.
II. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

«Топтастыру» әдісі
АНА

қамқоршы жұбанышым, шуағым, күнім, қамқоршы, жарық, өмір сыйлаушы, аяулы жан, пана, ақылшы

IY. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Осы берілген сөздерді қалай айтылады? Жуан немесе Жіңішке айтылатын ережелерді еске түсіру.
V. Жаңа сабақ
- Балалар сендерге ананың анасы кім болады?
- әже
- ол сендерге нағашы әже, әкеңнің анасы сендерге туған әжелерің. Олар екеуі де саған жақын. Сендер оларға кім боласыңдар?
- Немере
әже туралы ой пікір сұрау.
Өлең «Әжесі мен немересі» оқу, талдау.
YI. Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Дәптерімізді ашып, айы, күнін жазу.
Ребус шешу «Ана»
Көркем жазу: Ана
YII. Оқулықпен жұмыс
Ғ. Мүсірепов атамыздың «Ана» мәтінді оқу, талдау.
43 - жаттығу Мәнерлеп оқып, көшіріп жазу
Ана
Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.
Ғ. Мүсірепов
Сергіту сәті:Музыкамен би Ана туралы
Билердің, шешеннің суреттерін іліп қоямын.
- Суретте кімдер бейнеленген?
Балалар жауабы:
- Жиреншенің «Не тәтті?» мәтін берілген. Сол мәтінді оқып шығамын.
Балалар екі баланың жауабын салыстырады.
Екі баланың сөзі қайсы түйінді сөз? осы сұраққа қалай жауап берер едіңдер.? балалар ойын білу
Өзіңдік жұмыс. № 6
Сабақ қорыту: «Бес жол» өлең құрастыру
Кім? Ана
Не істейді? Жұбатады, еркелетеді.
Қандай? Мейірімді, қамқоршы, ақылшы,
Сөйлем. Мен анамды жақсы көремін
Мәндес сөз. Ақылшы
VIII. Үйге тапсырма[Жиренше шешеннің тағы да басқа аңыздарын оқып, талдау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×