Сайтқа кіру Тіркелу

Шегіртке мен құмырсқа

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаттары: 1. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу.
2. Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, еңбек ете білуге баулу.
3. Оқушылардың көркем сөзді салиқалы ойды өз сөздік қорына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, эстетикалық тағылымын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А. Құнанбаев, И. В. Крыловтың суреттері, қыс суреті, бейнетаспа, слайд
Әдісі: Ой қозғау, венн диаграммасы, топтастыру,
бейнетаспа, өнер қойылымы, өлеңнен үзінді, екі түрлі түсініктеме күнделігі, тест.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: кино, сахна өнері, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
- Сабақта бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілейік.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
И. Бази ( татар жазушысы)
Жеміс бағында. «Алма жинау» ойынымен бастау Әр алманың астында сұрақтар жазылады. 1.”Жеміс бағында”
1. мәтінінде не туралы айтылған?
2. Жылдың қай мезгілінде алма ағаштарының бұтақтары
басын көтере алмай тұрады?
3. 3. Алманың қандай түрлерін білесің?

3. Ой қозғау
«Ұлы тұлға»
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!

Крылов Иван Андреевич туралы түсінік беру
3. Қызығушылықты ояту.
Госфильм» киностудиясында түсірілген «Шегіртке мен құмырсқа» мультфильмінен үзінді көрсету

4. Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1. Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке)
2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
- Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.

5.. Мысал - кейіпкерлері адам емес аң, жан - жануар арқылы адам бойындағы мінді тұспалдап, әжуа - күлкі етеді. Осындай шағын көлемді оқиғаны, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарма.

6. Биологиялық анықтама
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі - шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.

7. Оқулықпен жұмыс
8. Топпен жұмыс
1 - топ
Абай ата туралы не білеміз, қандай шығармаларын оқыдық?
2 - топ
Мысал туралы не білесіңдер?
Мысал туралы түсінік бер.
3 - топ
Табиғат туралы өлеңін айт
9. Сергіту сәті
10 Мағынаны тану.
- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік. (Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
Білемін -- Білмеймін +- мен үшін жаңалық?- мені таң қалдырды

Мәтінді оқып болған соң, өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.

11. Ойға шабуыл. Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
Шегіртке
Құмырсқа

12. Шығармашылық тапсырма.
«Екі түрлі түсінік күнделігін»жазу
Мәтіннен үзінді Өз ойың

13. Сахналау
14. Үйге тапсырма.
- Мысалды рөлге бөліп оқу
- Шегіртке мен құмырсқаның іс - әрекетін сипаттайтын мақал - мәтел жазу.
- Суреттерін салу
15. Бағалау
16. Қорытынды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×