Сайтқа кіру Тіркелу

Қосындыны санға көбейту

Сабақтың тақырыбы:
Қосындыны санға көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Іздену, сұрақ - жауап.
Сабақтың ережесі:
1. Тыныштық сақтау.
2. Бірін - бірі тыңдау.
3. Өз ойын ашық айту.
4. Уақытты үнемдеу.
Сабақтың жоспары:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең
1. Қызығушылығын ояту.
2. Ойлан, тап.
3. Математикалық диктант.
4. Қызықты кестелер.
ІІ. Операциялық орындаушылық кезең.
5. Ой қозғау.
6. Оқулықпен жұмыс
7. Ойнайық та, ойлайық.
8. Шығармашылық тапсырма.
ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
9. Математикалық тест.
Сабақтың барысы:
І - кезең. Бағдарлау – мативациялық кезең.
1. Қызығушылығын ояту.
Математика - қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
2. Ойлан, тап.
(ауызша, кубизм әдісімен)
3. Математикалық диктант.
(10+80)*5=450 (13+27)*4=160
(24+6)*2=60 (12+18)*3=90
(100+80)*5=900 (100+70)*4=680
(400+60)*2=920 (200+80)*3=840
4. Қызықты кестелер.
(топтық - жұптық жұмыс)
Үлестірмемен жұмыс
ІІ - кезең. Операциялық орындаушылық кезең.
5. Ой қозғау.
(математикалық жұмбақ)
1) Табақта 5 алма, қолымда 3 алма.
Барлығын қосқанда, болады неше алма?
2) 4 бала өлең айтты, 6 бала би биледі.
Сонда барлығы неше бала өнер көрсетті?
3) 10 асықтың 3 - ін досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
4) 2 ешкінің мүйізі,
Кәне кімдер табада?
Сонда қанша болады?
5) Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек жоғалды, 1 үйрек тығылды.
Қалғаны неше үйрек?
6. Оқулықпен жұмыс.
№ 1, (а; ә) 125 бет (жазбаша).
№ 5, 126 бет.
2 сағ 30 мин > 90 мин
5 тәул. 12 сағ 186 мин
20 м 5 дм = 205 дм
15 см 248 см
№ 4, 126 бет.
а) 6 - ға да, 8 - ге де бөлінетін қандай екі таңбалы сандарды білесің?
ә) Бір санды 3 - ке және екінші санды 4 - ке көбейткенде бірдей нәтиже шығады.
Сондай сандарды жаз.
а) 24, 48, 72, 96
ә) 4*3=12 8*3=24 12*3=36
3*4=12 6*4=24 9*4=36
20*3=60 24*3=72 28*3=84
15*4=60 18*4=72 21*4=84
7. Ойнайық та, ойлайық.
Берілген фигурада барлығы неше үшбұрыш бар?
8. Шығармашылық тапсырма.
4 таяқшаны қозғау арқылы,
3 шаршы шығарып ал.
ІІІ - кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
9. Математикалық тест.
1. (5+2) * 7 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 40
ә) 39
б) 49
2. (40 + 20) * 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 840
ә) 480
б) 300
3. 48: 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 3
ә) 7
б) 6
4. 120 – 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 100
ә) 80
б) 90
5. 180 * 0 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 180
ә) 0
б) 1
Дұрыс жауабы:
1. б) 49
2. ә) 480
3. б) 6
4. а) 100
5. ә) 0
Рефлексия
- Ұнады.
- Ұнамады, менің ұсыныстарым.
- Өзіме қойған баға.
Үйге тапсырма:
№ 6, 7; 126 бет.
Бейбітшілік әлемде, сенде, менде,
Жарық әлемде, сенде, менде.
Махаббат әлемде, сенде. менде,
Шынайы жүрекпен 3 - сынып оқушылары.
Сабақтың соңы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...
Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандаға жазбаша көбейту

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандаға жазбаша көбейту

Мақсаты мен міндеттері: екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту, шапшаң есептеуге үйрету, есептердің шешуі табуға үйрету...
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...
Математика 3 сынып тест

Математика 3 сынып тест

Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....
Санды көбейтіндіге көбейту

Санды көбейтіндіге көбейту

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×