Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.
Бекіту сабағы.
1 - жаттығу.
Мақалды көшіріп жаз. Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
Түйе – байлық, қой – мырзалық, жылқы – сәндік.
2 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.
Менің ағаларым.
Баптаған егінін,
Халқына ұнаған,
Мақтаны елінің
Егінші бір ағам.
Барады алдына
Балалар, кәрілер.
Адамның бағына
Бір ағам дәрігер.
Бір ағам жылқышы,
Үйреткен тай - құлын.
Өткізді бұл кісі
Қырда сан ай - күнін.
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады: талапты, дәрігермін, татулыққа.
3 - жаттығу.
Берілген сөздердің құрамын сызбамен жаз.
Үлгі: сыйлықтар – сый - лық - тар, …
Сыйлықтар, әншілер, зейінділер, еңбекқорға, білімді.
4 - жаттығу.
Мақалдарды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Еріншектің ісі – екі.
5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. – тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Тік жартастан аунайды,
Асау өзен сарқырап.
Ақ моншақтан аумайды,
Ақтарылған жарқырап.
Жаңа сабақты қорыту.
Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.
Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
"Жұрнақ пен жалғау" ашық сабақ
- акжайнак
- 2 маусым 2013
- 18163
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұрнақ пен жалғау, ашық сабақ, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете түсу. Сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге...Қысқа мерзімді жоспарлар
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру, сөз құрамына талдауды үйрену, топпен жұмыс істеуге дағдылану....Тест
Қазақ тілі 2 сынып...Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар...Сөз және оның құрамы
Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.