Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Тіл табыса білейік
Мақсаты: Ата - аналарға қиын болған жағдайда балалармен қарым - қатынас жасау, қалай сөйлесу керектігін көрсету. Татуласу және бітімге келу жолдарын табуға көмектесу.
Көрнекі - құралдар: тапсырмалар жазылған карточкалар, доп, жағдаятқа арналған мата, қиынды фигуралар
Жұмыс барысы: Мұғалімнің алғы сөзі:
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Қазіргі заманда өмір сүруге байланысты көптеген қиындық тудыратын жағдайлар бар. Солардың бірі суицид болып отыр. Қазақстан әлем елдерінің арасында осы мәселе бойынша алғашқы орынды иеленеді екен. Бұның өзі ойланарлық жағдай. Біз тәрбиеленіп жатқан балаларымыз үшін жауаптымыз. Олардың болашағынан үміт күтетін азамат болып өсуіне жол көрсетуге тиістіміз. «Олар болашақта кім болады, нені бойына сіңіреді, жаман қылықтарға не үшін барады, себебі не?»Сол сұрақтарға жауап табу, жаман жағдайлардың алдын - алу мақсатымен бүгінгі шараларды өткізіп отырмыз.
Бүгінгі күніміз сәтті болуы үшін балалардың сәлемін тыңдайық!
- Армысың сұлу күн!
- Армысың ашық аспан!
- Қайырлы күн, баршаға!
- Бүгінгі күн қандай тамаша!
- Балалар бүгінгі күннің қандай болғанын қалайсыңдар?
1. Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын.
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын.
Ұл - қыздарымыз аман болсын!
- Ал олай болса, бүгінгі күнді қалай бастаймыз?
2. Күндей жайнап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі күнді бастаймыз!
Мұғалім: Осы балалардың тілектері қабыл болсын, күніміз сәтті болсын деп жұмысымызды жалғастырамыз.
Балалар біздің айтқанымызды тыңдай ма екен, есте қалдырып ойлана ма екен, ақылымызды тыңдаса, айтқанымызды орындаса, үлкенді сыйласа неге олар жамандық жасауға жол береді. Өздерінен сұрап көрейік.
- Балалар сендер ата — аналарыңды тыңдайсыңдар ма? Қалай тыңдайсыңдар?
Ата сөзін тыңдаймыз,
Ана сөзін тыңдаймыз.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істі қылмаймыз!
Қалай ойлайсыңдар, үлкендерді не үшін сыйлау керек? Ал енді сыйламасақ не болады?
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Сыйлы адам болуы үшін не істеу керек? Қандай үлгі көрсету керек?
Құрметті қонақтар, ата - аналар! Енді сіздер біздің тек қана қонағымыз емес, бүгінгі шараға қатысушы да болыңыздар. Ол үшін мен сіздерге мынадай карточкалар таратамын. Сіздерге бір минут уақыт беремін. Топтағы адамдардың барлығы да жұмыс жасайды, пікірлерін дайындайды. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
1 – жағдаят. Марат 4 - ші сыныпта оқиды. Оқуы жақсы. Мінезі жайлы, өзі жайдары, қымбат киімдер киеді. Ата - анасы бай тұрады. Ата - анасы баласынан ешнәрсе аямайды. Мектепте де мұғалім тарапынан ұрысу, ескерту жоқ. Бірақ соңғы уақытта Мараттың мектепке барғысы келмейді. Көңілі түскен. Үндемейді. Үйге келгенде мектепте не болғанын айтпайды. Ақша сұрауы көбейіп кетті. Ал ақшаны неге жұмсайтыны белгісіз. Үйдегі алтын сақина мен ақша жоғалғанын білгенде анасы ойлана бастады. Не істеу керек? Осындай іс жасауға не себеп болды?
2 – жағдаят. Нұрланның әке - шешесі ажырасқан. Жақын арада Нұрланның отбасында өгей әке пайда болды. Нұрлан осы кезге дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Сыныптастарының арасында онша көзге түсе бермейді.
Нұрланның анасы мектепке келіп, оның үйден ақша ұрлап сыныптастарына беретінін айтты. Баланы үйде ұрсып, ұрды. Жақында мектептен шыққан Нұрлан үйге келген жоқ. Түні бойы шешесі, мұғалімі іздеумен болды. Ал таңертең Нұрлан ешнәрсе болмағандай мектепке келді. Қайда болғанын айтқысы келмеді. Бұлай істеуіне не жағдай итермеледі?
3 – жағдаят. Салиманың отбасы нашар тұрады. Ата - анасы үйде ішімдік ішеді. Ұрысу, ренжісу күнделікті әдетке айналған. Киімі де ұқыпсыз, шашы да дұрыс таралмайды. Сабағы да нашар, кейде мүлдем сабаққа дайындалмай келеді. Ал сыныптастары онымен бірге отырғысы келмейді. Салима да оларға жоламайды. Балалар оны мазақ қылады, күледі. Бұл балаға қалай көмектесер едіңіз? Бұл баланың болашағы не болады?
4 – жағдаят. Арман көрікті, күшті, әдемі бала. Спорт секциясына барады. Сыныптастарымен жиі ренжісіп қалады. Кез - келген уақытта балаларды ұрып тастайды, төбелеске шақырады. Ал ата - аналары балалардың арасына араласу қажет емес деп ойлайды. Балалар өздері шешеді, өздері ренжісті, өздері татуласады деп ойлайды. Сіздің ойыңыз қандай?
5 – жағдаят. Аружанның ата - аналары оны нашар баға алғаны үшін ұрысады. Тек жақсы баға алғанын қалайды. Бірақ Аружанның қабылдау қабілеті нашар дамыған, есте сақтауы нашар, тез шаршайды. Ата - анасы көмек бермейді, бірақ қатаң қарайды. Ата - анасы мұғалімге кінә қояды. Мұғалім дұрыс оқытпайды, көңіл бөлмейді деп ойлайды. Ата - анасынан қорыққан Аружанды мұғалімнен баға сұрауға мәжбүрлейді. Аружанның ата - анасының ісі дұрыс па? Не істеу қажет?
Психолог: Өмір – ол театр. Бұл театрда рөлді тек үлкендер ойнайды, ала бала рөлінде болу сізге қалай әсер етеді? Баланың не сезінетінін білу үшін бала болып ойнап көрейік.
1 ойын. «Бала ата - ананың қоршауында»
2 ойын. «Мен сені көргім келмейді!»
3 ойын. «Естігім келмейді, көргім келмейді, айтқым келмейді»
Осы жағдайларда өзіңізді бала рөлінде қалай сезіндіңіз? Осындай сөзді естіген бала қандай күйде болады? Қандай ойлар мен сезімдер туады? Мұның соңы неге апарады деп ойлайсыз?
Ал балалар бұл туралы не дейді? Құлақ салып көрейік.
Ата - ананың ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,
Сарқылмайтын көлмен тең.
«Жүректен жүреккке»Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің балаңыз бірнәрсеге ренжулі, қабағы қатулы, өзін жайсыз сезініп тұр. Сол балаңызға көмек беретін, жүрегін жылытатын, сезімін оятатын жылы сөздеріңізді айтып көріңіз.
Осы жылы сөздер жанымызға шипа, балаларға үлгі болсын деп тілек тілейік.
Жанымызда дос, дастарқанда ас болсын!
«Дос болайық бәріміз»
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Тіл табыса білейік
- Ментай
- 18 мам 2013
- 11126
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қарым-қатынас, тіл табысу, үлкендерді сыйлау, жаман қылықтар.
Ұқсас жаңалықтар:
Тәрбие стилі туралы мақала
Қай ата - ана болса да идеал әрі жақсы ата - ана болғысы келеді емес пе? Бүгінгі әңгімемізде осы кездегі ата - аналар типі мен олардың тәрбие...Тәрбие үйден басталады
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің...Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету
Мақсаты: Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне...Баланың бас ұстазы - ата - анасы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылы, Ш. Жексенбаев атындағы ОЖББ мектеп – балабақшасы директорының тәрбие ісі жөніндегі...Бақытыңды балаңнан ізде
Ақтөбе облысы. Темір ауданы Бабатай орта мектебінің мұғалімі Мәмбетқұлова Жанат Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.