Сайтқа кіру Тіркелу

Ақ қыс Т. Айбергенов

Сабақ жоспары
Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ақ қыс (Т. Айбергенов)
Мақсаттары:
Білімділік: өлеңді түсініп, саналы меңгеру. Автор туралы мағлұмат беру. VII қысқы Азия ойындарының маңызы мен қорытындыларын есепке ала отырып, қыс мезгілінің өзгешеліктерін аңғарту
Тәрбиелік: Азия ойындары туралы мәліметтерді сабаққа пайдалана отырып, оқушыларды спортты сүюге, Отанының мақтаныштары атанған спортшылардың жеткен жетістіктерін қайталауғ тәрбиелеу. Шыдамдылыққа, төзімділікке баулу.
Дамытушылық: шығармашылық потенциалдарын, өз бетінше жұмыс жасау біліктерін, сөздік қорларын дамыту;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Ойын элементтері кірістірілген сабақ
Сабақтың технологиясы: ДОТ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, эвристикалық, салыстыру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Ұйымдастыру
Амандасу
Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
Психологиялық дайындық
Балалар, бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымызға кеше ғана қос астанамыз – Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарының бойтұмары, бас қаһарманы – Ирби қонаққа келіпті. Ол өзімен бірге көптеген қызықты тапсырмалар ала келіпті. Ол тапсырмаларды сабақ барысында орындайтын боламыз.
2. Жаңа сабаққа дайындық
Ой қозғау
- Жыл мезгілдерін еске түсірейік.
- Көктем, жаз, күз, қыс.
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс.
- Қыстың сәні не?
- Қысқы табиғат құбылыстарын ата.
- Боран, қар, бұршақ, шық, мұз, т. б.
- Оыс жылғы қыс айларында біздің елімізде қандай әлемдік іс - шара болды?
- VII қысқы Азия ойындары
- Қазақстан осы ойындарда нешінші орын алды?
- 1 - ші орны.
VII қысқы Азия ойындары туралы мәлімет беріп өту. (Слайдтан көрстеу)
Ирбидің бірінші тапсырмасы:
Қыс деген сөздің әрбір әрпіне бірнеше сын есім тауып жазу керек. (қыс
мезгіліне байланысты.)
Қ – қаһарлы, қызықты
Ы – ызғарлы, ылғалды
С – суық, салқын
(Слайдтан қыс мезгіліне байланысты суреттер көрсетіп, әңгіме жүргізу)
Азия ойындарының ұраны: Мақсаты бірдің – рухы бір.
- Ал біздің ұранымыз не?
- Оқып, білім алу, тәрбиелі, жақсы азамат атану.
- Ендеше, осы мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін.
ІІ. Жаңа мағынаны тану
1. Жаңа тақырыпты хабарлау
Ақ қыс (Т. Айбергенов)
2. Автор туралы мәлімет беру
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ақын Төлеген Айбергенов1937 жылы 8 - наурыз күні Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келді.
Ақынның алғашқы жырлар жинағы 1961 жылы “Жас дәурен”деген атаумен басылып шықты. Одан кейін де жарық көрген шығармалар жинағы мынадай: ”Арман сапары”, “Өмірге саяхат”, “Мен саған ғашық едім”, “Бір тойым бар”. 1987 жылы
Т. Айбергеновтің “Мир созвездий” атты таңдамалы жырлары орыс тілінде жарық көрді.
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т. б. жас ақындарға ұстаз бола білді. Патриоттықсезім мен адам бойындағы асыл қасиеттерді ту еткен талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс
қаласында көз жұмды.
Дүниеден өткеннен кейін “Құмдағы мұнаралар” атты жыр - жинағына 1974 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша “Қазақстанның Ленин комсомолы” сыйлығы берілді.
3. Өлеңді оқу
4. Сөздік жұмысы
Рояль – пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі.
5. Өлең мазмұны бойынша жұмыс
а) Ақын қысты қалай суреттеген?
ә) Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?
б) Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі?
6. Жұмбақ шешу
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (Қар)
7. Жаңылтпашты жаңылмай айт
Ақ қыс, қағаз, аққу – ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін.
Ақ емес, бірақ ақтиін.
Қарға қара,
Қар ақ...
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ,
Тал ақ,
Тағы не ақ?
Санап, жаңылысты Қанат.
8. Өзің тұратын қаланың қысын сипаттап айтып бер.
9. Сөзжұмбақ шешу
1. Қап – қараңғы.
2. Табиғат қандай?
3. Жазғы табиғат құбылысы.
4. Аспан мен жердің шекарасы.
5. Қай уақыттағы шық?
6. Үскірік....
7. Жыл маусымы.
Ирбидің екінші тапсырмасы:
«Адасқан әріптер» ойыны
Тақтадағы орындары ауысып кеткен әріптерден қыс мезгіліне және Азиада туралы сөз құрау керек.
АААДИЗ – АЗИАДА ЕККОХЙ – ХОККЕЙ
ИРИБ – ИРБИ УАҚЫР - ҚЫРАУ
ТАСАНА – АСТАНА АЛАҚҚА - АҚҚАЛА
ЗҰМ – МҰЗ ЖҢАА ЛЖЫ – ЖАҢА ЖЫЛ
АЛЫТМА – АЛМАТЫ ЫҒҢАШ - ШАҢҒЫ
ДЬАЕМАЛ - МЕДАЛЬ АНША - ШАНА
Сергіту сәті
Берілген геометриялық фигуралардан аққала құрастыру керек. Бұлардың арасында артық фигуралар да бар.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
«Жалғастыр» тапсырмасы
Өлеңнің бастапқы екі жолы беріледі. Сол бойынша өлеңді жалғастыру керек.
1. Ақпан айы келіп жетті,
Шымшып алды аяз бетті.
2. Қыс келді борандатып,
Өрнек салып терезеге.
3. Жылт - жылт қары құбылып,
Боранда суық шұбырып.
Үй тапсырмасын беру
а) өлеңді жаттау
ә) «Көңілді қыс» тақырыбында эссе жазу
Бағалау
Фишкалар арқылы бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақ қыс. Т. Айбергенов

Ақ қыс. Т. Айбергенов

Сабақтың мақсаты: Ақын өмірімен қысқаша таныстыру, өлеңдегі қыс бейнесін басқа ақындардың қысымен салыстыру....
Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние өлеңі

Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние өлеңі

Сабақтың мақсаты: оқушыға Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармалардың идеялық көркемдік мазмұнын меңгерту, өлеңдер...
Ақша қар

Ақша қар

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...
82+18, 100-82 түріндегі жазбаша қосу және азайту

82+18, 100-82 түріндегі жазбаша қосу және азайту

Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...
Т. Айбергенов  Аруана - бауыр дүние

Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние

Ақтөбе қаласы №18 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Икласова Нуржанат Кайратовна Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние» Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×