Сабақтың тақырыбы: «Қолғабыс» (ана тілі 4 - сынып )
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға М. Төрежанов және қазақ халқының салт - дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. «Қолғабыс» мәтінін түсіндіру, тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабатың әдісі: ой шақыру, топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Ең жақын кім адамға?» ертегінің мазмұнын сұрау. Ертегіні сахналап қою.
ІІІ Білімді жан - жақты тексеру
Өлеңде қандай хайуанаттар таласқан?
«Бірімізсіз біріміз күн көре алмаймыз» деген жолдарда ақын не айтпақшы?
ІV Жаңа білімді сапалы және белсенді игеруге даярлау игеруге даярлау
Ребус шешу «Қолғабыс»
Қолғабыс деген сөзді қалай түсінеміз?
«Топтастыру»
М. Төрежанов – балалар әдебиетінің жазушысы.
V Жаңа білімді меңгерту
Слайд бойынша әңгіме жүргізу
Қай мезгіл бейнеленген?
Атасы мен немересі не істап жүр?
А) Мұғалімнің мәтінді оқуы және түсіндіруі
Сөздік жұмысы
Бидайық - көп жылдық жабайы өсімдік.
VI Алған білімдерін тиянақтау
А) Әңгімені оқушыларға оқыту. Рөлге бөліп оқыту
Мазмұнын ашатын сұрақтар
- Арғынның атасының көңілді болу себебі неде?
Арғын атасына қандай өтініш айтты?
Арғын қандай қолғабыс көрсетті?
*Әңгімедегі мақалды тауып оқы
- Көктомарда Арғынның немен айналысқанын санамалап айтып бер
А) Қымыз ішетін тотағанға бүлдірген терді.
Ә) Оны атасына әкеліп берді.
Б) шөлдеген соң атасынан қымыз сұрап ішті.
В) Біраз көбелек қуды.
Д) Гүл терді
- Бала тәрбиесіне қатысты халықтың қандай дәтүрлерін білесіңдер?
- Шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той.
- Өзіңнің алғаш рет қандай үлкен іс атқарғаныңды әңгімеле
Тоқым қағу:
Баланың «бәсіре» ғып ен салған құлыны да арқалы ат болып шыға келеді. Бала осы бәсіремен бірінші рет алыстау сапарға шыққанда әке - шеше баласының тоқым қағарын өткізеді. Бұл – ақ ниетпен, адал атқарылатын міндет: ұл өсірген қазақ бұдан атттап өткен емес. Мұнда тізгін мен шылбырға баланың өзі ие. Өз бетімен бір жұмысты бітіргелі не көмектескелі кетіп барады. Бұның өзі бір есептен еркелікті қоятын естіліктің алды. Былайша айтқанда, тоқым қағу – баланы еңбекке баулудың, қазақша тәрбиенің басы.
Дәптермен жұмыс
І қатар өнер туралы
ІІ қатар адамгершілік туралы
ІІІ қатар еңбек туралы мақал мәтелдер мақал – мәтелдер жазу
Қөрініс: «Тоқым қағу» дәстүрін көрсету
VII Қорытынды
«Шөп шабу» ойыны
Арғын атасына қандай көмек көрсетті?
Ендеше біз де шөп жинап көрейік
Сұрақтарға жауап алу
- Әңгімеде халықтың қандай дәстүрі сөз етілген?
- Бидайық деген не?
- Бала тәрбиесіне байланысты халықтың қандай дәстүрлерін білесіңдер
- Әңгіменің авторы кім?
- Арғын қандай қолғабыс тигізді?
VІІІҮйге тапсырма
Мәтінді мазмұндау. Қазақтың дәстүрлері жайлы мәлімет жинау
ІX Бағалау
Мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды бағалау
Қолғабыс (ана тілі 4- сынып )
- Қызғалдақ
- 3 мам 2013
- 16377
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шөп шабу, ата, немере, бидайық
Ұқсас жаңалықтар:
Отан, өнер - білім туралы мақал - мәтелдер
ШҚО, Семей қаласы «№10 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токымтаева Ақбота Ғалымқызы...Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде (дөңгелек үстел)
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...Мекенжай (дүниетану пәні 1- сынып )
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 1 орта мектебі Жандаулетова Қызғалдақ...Халықтың әдет-ғұрыптары
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Гүлнар...Ыбырай Алтынсарин Баланың айласы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.