Сайтқа кіру Тіркелу

Бәсіре

Сабақтың тақырыбы: Бәсіре
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Төрт түлік малдың тіршілік, табиғатымен, қадір - қасиетімен таныстыра отырып, қазақтың салт - дәстүрімен, «Бәсіре», «енші», «кәде», «желі», «ен», «құнан» сөздерін оқушыларға мағынасын түсіндіру.
2. Тәрбиелілігі: Төрт түлік малды қорғауға, аялауға үйрету. Қазақ халқының салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын сақтай білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік малдың суреттері, карточкалар, жұмбақтар, сөздіктер, мақал - мәтелдер.
Технологиясы: ДОТ - тың элементтері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушыларды түгелдеу
2. оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
II. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
1. Үй маңынан табылар.
Мөлдір көзді жануар
Маған үйір жануар Бо - о - о - деген әні бар
Мө - ө - ө деген әні бар (сиыр) Бұл қай жануар? (түйе
2. Жібек тоны. сәні бар
Желкілдеген жалы бар
Мә - ә - ә - деген әні бар Күмбір - күмбір әні бар
Бұл қай жануар? (қой) Бұл қай жануар? (жылқы)
(Дыбыстары арнайы құрал арқылы шығарылады. Суреттері көрсетіліп отырады.)
- Иә, балалар, бұл жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Төтр түлік мал.
- Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды өсірумен айналысқан. Ертеде ата - бабаларымыз оқуды білмеген, білім алмаған. Олар мал өсіріп, оны өздерінен кейінгйлерге еншілеп өалдырып отырған.
Сөздік жұмысы: Енші - біреуе арналып берілетін мал немесе мүлік.
Төрт түлік малдың тигізер пайдасы көп. Әсіресе жылқы малын қадір тұтқан. Ол батырлардың мінер көліктері болған. Міне соның себебінен «Ат - ер қанаты» дәне де басқа мақалдар пайда болған.
Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз да осыған байланысты. Сабақтың тақырыбы: «Бәсіре».
Сергіту жаттығуы
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді оқып, түсіндіру
2. Сөздік жұмысын жүргізу
1. Бәсіре - балаларға меншіктеген, арнайы ен салынған мал.
2. Кәде - салт - дәстүр
3. Желі - биік төбелі жер
4. Құнан - жас жылқы
5. Ен - малға салынған таңба, белгі
3. Мәтін бойынша сұрақтар қою.
1. Мәтін не туралы?
2. Бәсіре дегеніміз не?
3. Кіде сөзін қалай түсінесіңдер?
4. Мәтін бойынша құнан қалай аталады?
4. Ережені түсіндіру
Ереже:
Үй жануарлары мен хайуанаттарының аттары бас әріптен басталып жазылады.
Мысалы: Итке қойылатын аттар - Бөрібасар, Құтжол, т. б.
Жылқыға қойылатын аттар - Құлагер, Тайбурыл, т. б.
Сергіту жаттығуы
Ботақаны нардың
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалддың
Дәптермен жұмыс
1. «Тиістісін тап» ойынын ойнату
Мақсаты: үй хайуанаттарына қойылатын аттар ьас әріптен басталып жазылатынын ұғындыру, хайуанатарға әр түрлі ат қойылатынын түсіндіру
Жүргізілуі:. үй хайуанаттарының аттары аралыстырылып қойылады. Оқушылар хайуанаттарға байланысты бөліп орналастырады, дәптерлеріне жазады.
2. «Тез ойла, тез ойна» арқылы жаттығуды орындату.
Мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздерді оқушыларға меңгерту.
Жүргізілуі: Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына бас әріптен немесе кіші әріпті қойып жазады.
Сабақты бекіту
Ойын ойнату. Ойынның аты: Сәйкестендір
Мақсаты: Төрт түліктің суреттеріне сәйкестендіріп, олардың шашыратылып берілген атауларын қойып шығады және солардың дауысын салады.
Сабақты қорыту
Кең даланы шарлап мекен еткен ата - бабаларымыздың төрт түлік малмен тығыз байланысты. Төрт түліктің адамға тигізер пайдасы кқп. Сондықтан төрт түлік мклды қорғай білуіміз керек, оларды қорғай білуіміз қажет.
Сабақты бағалау
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділіктеріне қарай ауызша мадақтап, бағалап өту.
Үй тапсырмасын беру
1. Мәтінді оқып, мазмұндауға дайындалу
2. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбы бойынша шағын эссе жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×