Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері.
Мынау менің жүрегім
Бәрі осында басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған,
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
1. Тақырып мазмұны бойынша ертегі айту.
2. Етістік

Ғаламдағы асқан өнер айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу шеберлігі. Мұндай өнер шеберлері әншілер, жазушылар болса, осындай һақ шебер көсемі суретшілер болмақ.
өткен заманда осындай сұлулықты бір суретші Зат есім атты бояумен келтірілген екен. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқан таулар, оқу құралдар мен небір заттар бейнеленген екен. Алайда, сыншылар бұл суреттерді табиғатты толыққанды бейнелемей тұрғанын айтады. Өз шеберханасында көп ойланып, толғанған шебер өз суреттеріне жаңа бояуларды қатыстыруды шешеді. Енді оның бұрын сонды болмаған етістік бояуын пайдалануды шешеді Енді оның суретіндегі заттар құбылысқа айналып, қозғалысты бейнелейтін болған. Манағы таудан өзен ағып, зәулім үйлер аспан тіреп, бұлттар ағып, күн шығып келе жатуы, жүгірген бала, күлген қыз бейнелері келеді. Көркем суреттер шығарылғаннан кейіноларда сыншылар да, халық та өмірді дұрыс әрі көркем бейнелейтініне тамсаныпты.
1 - топ: оқиды, жүгіреді
2 - топ: жүзеді, аулайды
Қимылмен көрсетіп түсіндіреді. Қалған топ мүшелері онның қандай сөз екенін табады, оларға сұрақтар қояды.
Осылайша етістің ережесін шығару.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІV. Жан - жақты білімдерін тексеру. Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз - заттың не құбылыстың қимылын білдіретін сөздер) Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (Не істеді? Қайтті? Не қылды?)

V. Жаңа материалмен жұмыс:
А) Оқулықпен жұмыс
1) Ой шақыру.
412 - жаттығудағы. Сюжетті суретке сұрақтар қою арқылы етістікті табу. Олар қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді?)
2. Ой толғаныс.
413 - жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап.
Жазда қыдырады, қыста тынығады (су)
Таңмен көзін ашады,
әлемге нұрын шашады. (күн)
ә) Дәптермен жұмыс. 414 - жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

VІ. Сызбадан өзіңе қуаныш ізде.
Топтастыру
І топ. ІІ топ.

Зат есім Етістік

VІІ. Сергіту сәті.
3. Ой ашар. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра
415 - жаттығу.
4. Венн диаграммасы
Зат есім --------------------Етістік

«Кім тапқыр» Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
Сабақты қорыту.
Сөзжұмбақ шешу.

VІІІ. Үй тапсырмасы
Бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Етістік, қазақ тілі
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×