Сайтқа кіру Тіркелу

7 санының құрамы

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды 7 санымен таныстыру 7 санының пайда болуы, оның құрамымен, 7 көлеміндегі
есептер құрастыру.
Тәрбиелік: Балалардың партада түзу отыруға, өздігінен ізденуге тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке,
шапшандыққа үйрету.
Дамытушылық: Балалардың партада түзу отыруға, өздігімен ізденуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер таяқшалар.
Сабақта қолданылатын методикалық әдіс тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
I – Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың зейінін сабаққа аудару.
- Балалар, қазір математика сабағы, бүгін бізде ерекше сабақ, біздің сабаққа қонақтар келіп отыр.
Психологиялық кезеңі:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды ардақтап
Бас иеміз біз.
Тура, кері санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
Балалар біздің сабаққа орманнан аңдар келіпті.
Аңдар: Балалар аң патшасы арыстан ормандағы алаңқайдан мектеп ашқалы жатыр. Бізде білім алғымыз келеді. Мектепке қабылдану үшін мына тапсырмаларды білу керек, деп арыстан бізді мектепке алмады, балалар бізге көмектесіңдер.
Қана тапсырмаларды көрсетіңдерші:
(Аңдар конверт береді)
Конвертттің ішіндегі тапсырмаларды ашу. Балалар тапсырмаларды сендер, білесіңдер (өтілген сабақты еске түсіру)
1. Жылдың қай мезгілі? (қыс)
2. Жылдың төрт мезгілін ата?
3. Қазір қай ай? (ақпан)
4. Сандар туралы санамақ айту
5. Геометриялық фигураларды атаңдар? (геометриялық фигураларды бейнелеу жасау)
6. 1 – ден 6 – ға дайін тура және кері санау
Жаңа сабақ: 7 саны және 7 санының құрамы.
6 балапанға 1 балапанды қос
6 + 1 = 1 + 6 =
5 сәбізге 2 сәбізді қос.
5 + 2 = 2 + 5 =
4 қоянға 3 қоянды қос.
4 + 3 = 3 + 4 =
Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік.
7 санын
Аптаның 7 күнін ата
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

«Балапанды құтқару» ойыны
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа
5, 4, 2, 6, 1, 3, 7.
Сергіту сәті
Ал санайық санамақ
Саусақтарға қарап ап
Қана, қана санайық
Санын біліп алайық
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
Қолындағы саусағын нешеу
Санамақ
1 дегенім білім
2 дегенім елім
3 дегенім үкі
4 дегенім тақия
5 дегенім бесік
6 дегенім асық
7 дегенім жейде
Көйлек дейді кейде
Сабақты қорытындылау
Өткір болсақ ұғарсың
Тапқыр болсақ табарсың
Оқысыз өрге басарсың
Жауабын жылдам табарсың

Үйге тапсырма
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×