Пәні: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән - мағынасын ашу. Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой - өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: автор суреті, тірек - сызбалар, кеспе қағаздар.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
• Оқушылармен сәлемдесу.
• Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық сәт:
Мынау менің жүрегім
Елімді мен сүйемін
Жақсылыққа жақын боп
Әрдайым күліп жүремін.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесін мазмұндау.
Шоқанның суреті және өмірі туралы жазу.
1. 3 - сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір? (Қырдан келген жас қазақ)
2. Анатолийға мінездеме бер. (Қолынан ештеңе келмейтін, мақтаншақ, жағымпаз).
3. Шоқанға мінездеме бер. (Өз елін, табиғатын сүйеді. Ол мінезімен сыйлы. Жақсы мен жаманды айыра біледі).
ІV. Ой шақыру.
Ызыңдап ән салады,
Жұп - жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады.
V. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» өлеңі.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен.
А. Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. А. Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.
VІ. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тізбектей оқу.
VІІ. Дәптермен жұмыс
Шылауында - біреудің ырқында, жетегінде
VІІІ. Сергіту сәті
Қолды белге қояйық
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық
Кестемен жұмыс.
1 - ші шыбын қандай?
2 - ші шыбын қандай?
Мақтаншақ
Кішіпейіл
ІХ. Сабақты бекіту.
«Шыбын аулау» ойыны
1. Өгіз қайдан келе жатты?
2. Шыбынға кім кездесті?
3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
4. Оның қандай мысалын оқыдық?
Х. Үйге тапсырма беру.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Екі шыбын туралы эссе жазу
ХІ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Ахмет Байтұрсынұлы«Екі шыбын»
- Гулсима
- 30 наурыз 2013
- 15490
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, екі шыбын, қазақ әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын...Екі шыбын
Пәні: ана тілі 4 а сынып Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»...Екі шыбын
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің Бастауыш класс мұғалімі Бурамбаева Мейрамгул Бердибаевна...Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Шыбын мен көбелек
№35мектеп-гимназиясы. Кемалова Зауреш Тыныштыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.