2 сынып Қазақ тілі
Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы. Мақсаты:
1. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.
2. Оқушыларды Я әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды құстарды қорғауға, адамгершілік пен әдептілік қасиеттерін және достық пен үлкенді сыйлауға баулу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену Көрнекілігі: суреттер, жұмбақ, мақал, ребус, рефлексиялық жаттығу және интерактивті тақта.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қажетті құрал – жабдықтарын алып, түгендеу, сабаққа даярлық. Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз, Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз – деп бүгінгі қазақ тілі сабағымызды көңілді бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Дыбыс деген не? Әріп деген не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
– И дыбысы қандай дыбыс? Сый, тый сөздерінің жазылуын айт?
Мақсатын қою кезеңі: - Балалар бүгін біз сабақта Я әрпінің сөз ішінде жазылуымен танысамыз. Қазанның он алтысы
Кіріспе бөлім. Жұмбақ
шешіледі. Қоянда бар, Қайыңда жоқ. Қиярда бар, Қиында бар. Жұмбақтың шешуі: Я әрпі.
Қоян - екі буын, 4әріп, 5 дыбыс. Я екі дыбыстан тұрады.
Йа естілгенімен я жазылады.
3. Жаңа материалды түсіндіру. Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына Я әрпі жазылады.
Мая, сая, таяқ
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Өлең оқылып, мазмұны ашылады.
Ережені пысықтау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:
Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады. Оқулықтағы 3 - 5 жаттығулар орындатылады.
3 - жаттығу. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Айтылуы Жазылуы Айан тайау байау Аян таяу баяу
5 - жаттығу
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы. Өлең кім туралы?
Бұл кім? Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып..... Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік.... 2. Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылған?
Керекті сөздер: таянған, оянған. Сиқырлы сандарды оқу.
2 1 3
ұ қ с
3 - жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.
Ұя, мая, саяхат, бояу, Саят, оянды. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Шығармашылық тапсырма:
”Ана” тақырыбына шығарма жазу Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың.
Ребусты шеш.
Тауық‴ Қияр ′
т а қ и я
″ Арқар ′ пияз ′
қ а р и я
Осы сөздермен екі сөйлем құрастыр.
Сабақты қорытындылау.
а) Білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Я дыбысы қандай дыбыс?
2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасау. ә ) Сөздік диктант. Я әрпі кездесетін сөздердің астын сызу. Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая. Тапсырма.
1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Қияр, шаян ―――――――――――
2. Тиісті әріпті жаз
А... қ, ба... у қари... тұ... қ
Та... қ бо... у дари... са... бақ 3. Берілген сөздерден сөйлем құра. Сөйлемдегі сөздердің ретін цифрмен белгіле.
1 4 3 2
Әлия, болды, жайлауда, жазда. Әнуар, оянды, ерте. Баян, сурет, бояумен, салды. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
4 - жаттығу 54 – бет
Я әрпінің жазылуы
- райко
- 27 наурыз 2013
- 18624
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Я әрпінің жазылуы, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Я әрпінің жазылуы
«Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Бастауыш сынып мұғалімі А. Абенова...Ю әрпінің жазылуы
Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру....Я әріпінің жазылуы
Сабақтың тақырыбы: Я әріпінің жазылуы...Ю әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру....Я әрпінің жазылуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Ляззат Нуржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.