Сайтқа кіру Тіркелу

Торғай

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Торғай
Сабақтың мақсаты: а) Мәтінді оқу, мазмұнын түсіндіру, сөздікке, сөз тізбектеріне, сөйлем оралымдарына назар аудару, мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелету, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.
ә) Оқушыларды қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді дарыту.
б) Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік ой - пікірін айта білуге үйрету, мәнерлеп, саналы оқуға төселдіру.
Бейнелеу өнері: Мәтінге байланысты сурет салу.
Халық педагогикасы: Құстардың тіршілігіне байланысты айтылған халық болжамдары.
Көрнекілігі: торғайдың суреті, куб, ақ қағаз, маркер.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Стратегиялар: Тақырыпқа қызығушылығын ояту, ой қозғау, түртіп алу, кубизм, екі түрлі түсіндірме күнделік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) топтарға бөлу.
Ә) Сабақ мақсатын анықтау, міндеттерін түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Мазмұнын сұрау.
Ә) Сұрақтар қою.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Кіріспе әңгіме, қызығушылығын ояту.
Ә) Ой қозғау.
Б) Мәтінді жартылай оқу. Түртіп алу стратегиясы.
В) Мәтінді оқушыларға жалғастыру.
Г) Мәтінді аяқтау.
Д) Екі түрлі түсіндірме күнделік.
ІV. Сергіту сәті.
V. Оқулықпен жұмыс.
А) Іштей оқыту.
Ә) Сұрақ - жауап.
Б) Теріп оқыту.
VІ. Кубизм әдісімен мазмұнын сұрау.
VІІ. Сурет салдыру.
VІІІ. Қорытынды.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ басталысымен әр топтың басшысы тағайындалып, топтың реттік нөмірлері анықталады.
Бүйірлеріне 1 - 4 аралығындағы сандар таңбаланған кубиктер топтан 1 оқушыдан шығып, ширады. Сонда әр оқушыға 1 сан таңбасын тиді. Оқушының таңдаған санының ретіне қарай топтар І топ, ІІ топ, ІІІ топ, VІ топ болып бөлінді. Әр топтың партасына сәйкесінше жазулары бар сілтемелер қойылады.
- Балалар, біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Әр топ басшысы өз тобының жұмысын ұйымдастырып және топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бақылайды. Сабақ соңында топ мүшелерінің жауаптарын бағалайды.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топ өзіне тиесілі сұрақтарға бойынша үй тапсырмасын мазмұндап береді.
І топ - Дельфин нені жақсы білетін?
ІІ топ - Ол кімдерге көмектесетін еді?
ІІІ топ - Теңізшілер дельфинге ризашылығын қалай білдіретін?
ІV топ - Бірде қандай оқиға болды?
- Балалар, әңгіменің авторы кім?
- Спиридон Ванчелин.
- Ол қай ұлт жазушысы?
- Молдаван халық жазушысы.
Осы арада үй тапсырмасымен жаңа сабақты байланыстырдым.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту.
Балалар, халық дегенде көз алдымызға не елестейді? Қандай халықтарды білеміз?
Тақтада «халық» сөзі жазылып тұрады. Оқушылардың атаған халықтары тармақтар бойынша маркермен жазылады.
Қырғыз Өзбек

Орыс Молдаван

Неміс Қазақ
- Біздің еліміз жер жүзі халықтарының арасындағы достықты қолдайды. Халықтар достығы бірлігі күнін біз қашан атап өттік?
- 1 Мамыр күні.
- Біз өзге көршілес және туысқан елдер балалар әдебиетімен таныса бастадық.
- Енді мына суретке қарайық.
Тақтада И. Тургеневтің суретін көрсеттім. Оқушылардың суретке қарап, содан өздеріне қандай ой келгенін сұраймын. Оқушылардың авторлар туралы өз ойларын айту.
Үлкен кісі. Ақылды. Орыс.
Ойланып отыр. Ақын не жазушы.
Оқушылардың ойларын тыңдап болған соң жазушы жайлы қысқаша мағлұмат бердім.
- Иә, бұл кісі жазушы болған. Балаларға арнап бірнеше әңгімелер жазған. Ұлты – орыс. Аты - жөні Иван Туренев.
- Бүгін біз орыс балалар әдебиеті жазушысының «Торғай»атты шығармасымен танысамыз.
Ә) Ой қозғау.
Қарастырылған тұрған мәселе жайында оқушы не біледі, не айта алады, бұрынғы білетіндері мен жаңа білімдерін ұштастыру, осы арқылы ойды қозғау мақсатында алдын ала плакатқа дайындап әкелген кестеге оқушылардың жауаптарын маркермен жазып отырамыз.
- Торғай туралы не білесіңдер?
Не білемін? Не білгім келеді? Үйрендім
Құс Дәнмен, наның қиқымымен қоректенеді. Құрт - құмырсқа аулап жейді. Ұшады Досымыз
- Дұрыс. Торғай туралы біраз мағлұмат біледі екенбіз. Ал енді не білгілерің келеді?
Б) Мәтінді жартылай оқып беру, Түртіп алу стратегиясы қолдану.
Мәтінді жартылай оқудағы мақсатым - кішкентай торғай мен ит арасындағы оқиғаның немен аяқталғанын оқушыларға жалғастыру. Мәтінді оқу барысында оқушылар қолдарына қарындаш алып, сөз тіркестерін, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Торғай, құстар, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік...
М.Дулатов

М.Дулатов "Қырдан келген жас қазақ"

Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгүл Нухесқызы...
Компьтер жанындағы жанжал

Компьтер жанындағы жанжал

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов атындағы ауылы, №103 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша Сабақтың тақырыбы: Нұрдәулет...
Ыбырай Алтынсарин Баланың айласы

Ыбырай Алтынсарин Баланың айласы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»...
Әдебиеттік оқу

Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып

Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Әдебиеттік оқу 2-сынып Тақырып: Адамның досы Сабақтың мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×