Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту мақсатында өткен сабағымызда оқушылардың тапсырмалар мен жаттығулар орындау барысында ойлау қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істей білу. Абай өлеңдеріндегі сын есімдері таба білу арқылы оқушыларға жыл мезгілдері және ол туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың көрнекіліктері: Тірек сызбалар, Абай өлеңдерінің жинағы, суреттер,
үнтаспа, тест, семантикалық карта.
Түрі: Қайталау сабағы.
Әдіс - тәсілдері: шығармашылық, сұрақ - жауап, талдау, жұптық жұмыс, СТО элементтері,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Позия минуты. Абай әні «Желсіз түнде жарық ай»
ІІ. Кіріспе бөлім. Сабақ мақсатымен таныстыру.
- Бүгінгі қазақ тілі сабағын «Ақылды балдырған»ойыны бойынша өтеміз.
Демек, сендер сын есімнен алған білімдеріңді жинақтап бекітеміз,
жалпы сын есім туралы біз осы төрт жыл ішінде не білдік, не үйрендік? соны ортаға саламыз.
Ойын шарты мынандай: Ойын бірнеше айналымнан тұрады.
Әр айналымның өз тапсырмасы болады.
ІІ. Негізгі бөлім. 1 - айналым. Сын есім бойынша тест./3минут/
1. Сын есім дегеніміз не?
а/заттың сынын, түрін, түсін, сапасын, дәмін білдіреді.
ә/заттың түрін, атын, түсін білдіреді.
б/заттың көлемін, атын, қимылын білдіреді.
2. Қарсы мәндес сын есімді тап.
а/жақсы - жаман ә/биік, жоғары. б/ сұлу, әдемі.
3. Сын есімнің сұрақтарын жаз.
1. 2.
4. Күрделі сын есімге мысал келтір
-----------------------------------------------------------------------------------------
5. Мына қарсы мәнді сын есімдердің сыңарын жаз.
1. Ащы - 2. Қатты - 3. Жақсы -
2 - айналым. Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерінен
«Жаз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерінен сын есімдерді табу
.... Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық аяз, боран - бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң болмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
... Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
... Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
.. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3 - айналым. Мәтінмен жұмыс. Сын есімдерді тауып, оларды дара, күрделі түрлеріне ажырату.
Наурызым қорығы қарағайлы орман мен далалы аймақтың шағын көлдерін сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи музей десе де болады. Бұл қорықта қызыл жемсаулы қаз, дуадақ, аққұр секілді құстар, қызыл түлкі, қара көк күзен, ақ сары суыр секілді жануарлар мекендейді.
/қорықтар туралы шағын әңгіме жүргізу/
4 - айналым. Жұмбақ шешіп, мақал - мәтел айтып жарысу./Сын есімі бар мақал - мәтел, жұмбақтар/ топпен жұмыс.
Айбарлы сұсы бар, Қанжардай тісі бар.
Аң патшасы болатындай, Тұла бойында, Тасыған күші бар.
Күжірейген жалды, Білсең айт бұл аңды /арыстан/ т. б.
Жақсы кісі жығылса, Жаман адам табалар
Тілі тәтті, Діні қатты. Сабыр түбі - сары алтын. Т. б.
5 - айналым. Семантикалық карта толтыру.
мысалдар дара күрделі қарсы
Торы
Ұзын
Ажарлы
Ұзын - қысқа
Әдепті
Үлкен - кіші
Тұп - тұнық
Қара көк
Қызыл қоңыр
Ақ түтек
Жақсы - жаман
6 - айналым. Сын есім сөзіне топтастыру жасаумен қорытындылау.
СЫН ЕСІМ
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма: «Сын есім» сөзіне ребус құрастыру.
Сын есім 4-сынып
- Cаулешка
- 16 ақпан 2013
- 28244
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сын есім, 4 сынып, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды сын есім
Сагынгалиева Мейрамгул...Сын есім
Сабақтың тақырыбы: СЫН ЕСІМ Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу. Дамытушылығы: Сын..."Сөз таптары"
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...«Сын есімді қайталау»
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.