Сайтқа кіру Тіркелу

Кешірімді бала-кішіпейіл бала

Пәні: Өзін - өзі тану
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала
Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: Білімділік: Кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, дәптер, оқулық
І. Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
ІІ. Ойланайық, пікірлесейік
Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?
ІІІ. Оқып, үйренейік
Р. Әбілқадырова Кешірім

ІV. Сұрақ - жауап
1. Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
2. Атай балалардың қылығын кешірді ме?
3. Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

V. Дәйек сөз.
Кешірім - ізгіліктің белгісі
Халық даналығы
VІ. Сергіту
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.

VІІ. Дәптермен жұмыс
1 - тапсырма
Төменде берілген тапсырмалар бойынша өз ойларыңды жазыңдар.
1. Егер сен кешірім әңгімесіндегі атаның орнында болсаң, не істер едің?
2. Тұрсынның орнында болсаң ше?

VІІІ. Жаңа ақпарат
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.
Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір - бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.

ІХ. Жағдаяттарды талдау, сахналау.
1. Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
2. Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті...
3. Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
4. Алпамыс байқамай Құралайды қағып кетті...

Х. Оқып үйренейік
Ә. Шынбатыров Автобуста
Әңгімеден қандай ой түюге болады?

ХІ. Назар аударайық.

татуласуға бірінші қадам жасау
қателікті мойындау кішіпейіл болу

өзара түсінісу ренішті ұмыта білу

ХІІ. Дәптермен жұмыс
«Досым көп болсын десең...» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
ХІІІ. Мадақтау
ХІV. Жүректен жүрекке
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×