Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев. 4 – сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
2. Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. Үлкендерді сыйлауға, бір - бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаев портреті, мәтіннің желісі бойынша салынған сурет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
І. Қызығушылықты ояту.
«Кім кінәлі» мәтінін оқып беру. Оқушылар мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдайды.
Кім кінәлі?
Алмас пен Думан тату достар еді. Екеуі сыныптас, бір партада қатар отыратын.
Үзіліс кезі. Мектеп ауласында доп қуып жүрген Алмас байқамай ағаштың бұтағын сындырып алды. Бұл уақытта күзетші атай осы маңда болатын, сынған бұтақты көріп, Алмастың жанына келді:
- Бұтақты сен сындырдың ба?- деді.
- Мен емеспін... - деді Алмас бірден.
Неге екенін, оның жанындағы тұрған Думан өз – өзінен қызарып кетті.
Күзетші енді Думаннан:
- Әлде, сындырған сенсің бе? – деп сұрады.
Ол үндемеді.
- Онда кінәлі сен болдың ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұр - ә?- деді күзетші Думанға тесіле қарап.
Думан кінәлі досына бір қарады да, бұрылып жүре берді.
Досын ренжітіп алған Алмас қатты қапаланды. Оның соңынан:
- Тоқтай тұршы:..- деді дауыстап.
Күзетші кімнің кінәлі екенін іштей сезді. Бірақ үндемеді»
- Оқылған мәтіндегі болған оқиғаға баға бере отырып, Алмастың бойында сол сәтте қандай қасиет табылмай қалды деп ойлайсың? Қолыңдағы қағазға өзің жоғары санайтын бір ғана қасиетті жаз.(Мысалы: адалдық, батырлық, батылдық, ар – ождан, шыншылдық.)
Өздері таңдаған қасиеттері бойынша топтарға бөлінеді.
1. Топқа бөлу.
2. Топ басшыларын сайлау.
3. Әр топ өзінің таңдаған атына қысқаша түсініктеме беріп өту, таңдау себептерін айту.
4. Осы таңдаған топтың атауларына байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер? Осы асыл сөздер қай өлеңде кездеседі? Бұл кімнің өлеңі? Бұл өлеңді не үшін таңдадың? (Бұл өлеңнің негізгі идеясы сенің тақырыбыңды ашып тұр ма?)
- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам бойынан табылатын қасиеттер туралы болмақ.
Мәтінмен, автормен таныстыру.
ІІ. Мағынаны ашу.
1. Автор туралы әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
- Адам бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласың?
- Ендеше, осындай жақсы қылықтар біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен?
Топпен жұмыс істеу арқылы осы жақсы қылықтарды «Сырсандыққа» жинақтау. Кімнің жақсы қылықтары көбірек болар еді?
Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.)
1 – Көмек.
2 – Жол көрсету.
3 – Сыныптас.
4 – Алғашқы кездесуді еске алу.
1 – бөлімді оқу.
- Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?
- Бала неліктен шалға көмек берді?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай өрбуі мүмкін?
2 – бөлімді оқу.
- «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?
- Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?
3 – бөлімді оқу.
- Оқиғаға тағы кім қосылды?
- Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?
- Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр? (Сен нені тезірек білгің келіп тұр?)
- Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп?
4 – бөлімді оқу.
- Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі ғой» дегенді қалай түсіндің? Бұл сөздің мәтіндегі оқиғаға қандай қатысы бар? Дәптеріңе жазып ал.
- Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөзді дауыс ырғағымен ерекшелеп айтып көр.
- Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру.
Сергіту сәті. Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі – мүсінші, екіншісі – мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Сосын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.
Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?
- Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге жапсыру.
- Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі бұл мүсіннің авторы өздерің!
- Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал - мәтел сай келуі мүмкін. Дәптеріңе жазып ал.
- Ал сенің сыныптастарыңның ішінде Саша мен Мәулен сияқты достарың бар ма? Жалпы, сыныптастарыңды жақсы танисың ба? Ендеше біз бүгін «Танысу картасын» толтырып көрелік.
Сабақты қорытындылау. Мәтін соңындағы сұрақ – тапсырмаларды орындау. Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?
Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сыныпта айтылмай, мән берілмей қалған қандай жәйттар бар екенін қарастырып келу. Сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай жүрген көршіңе арнау жаз.
Бердібек Соқпақбаев "Шал мен бала"
- Дильназ
- 2 ақпан 2013
- 30610
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бердібек Соқпақбаев, шал мен бала, бастауыш, әдебиеттік оқу
Ұқсас жаңалықтар:
Менің атым Қожа. Б. Соқпақбаев.
Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту. Мәтін мазмұны бойынша талдау...Асыл сөз қайда?
Күздің жайлы бір күні. Берік пен әкесі саяжайға келіп, жұмыс істеп жүргелі бірер сағаттай уақыт болды. Әкесі біресе бұтақтарды кесіп, біресе раушан...Шал мен бала
ШҚО Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлыгаш Кабыкеновна...Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз сөзімен...Қамқорлық
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.