Сайтқа кіру Тіркелу

Ондықтарды салыстыру

Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды салыстыру.
Сабақтың мақсаттары: 1. Ондықтарды салыстыруды меңгерту. Толық ондықтарды қосып, азайтуға төселдіру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділіктерін арттыру.
3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ұжымдағы ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Жұптық жұмыстар орындай отырып, жұп болып жарысамыз. Жеңіске жеткен жұп озаттар орындығына отырады. Өткен сабақты қайталау мақсатында әр жұпқа жеке тапсырма береміз.
«Кім білгір?» бөлімі.
1 - жұп тапсырмасы:
Өрнектердің мәнін тап.
10+20 80 - 20
30+40 70 - 50
2 - жұп тапсырмасы:
Аяқтап жаз.
40 -... ондық
80 -... ондық
20 -... ондық
90 -... ондық
3 - жұп тапсырмасы:
10 - нан бастап, 100-ге дейін толық ондықтармен тура және кері сана.
10............ 100
100........... 10
4 - жұп тапсырмасы:
Салыстыр.
5дм*6см
10см*2дм
9см*2дм
6см*7дм
5 - жұп тапсырмасы:
9онд.- 2онд. =онд.
8онд - 5онд.=онд.
6онд - 3онд. =онд.
3онд.+4онд.=онд.
Жаңа сабақ.
Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Бүгінгі сабағымызда «Толық ондықтарды салыстырамыз» Ол үшін алдымен төмендегі кестені толтырайық.
Сан Ондық Бірлік
20 2 0
30 3 0
40 4 0
50 5 0
60 6 0
70 7 0
80 8 0
90 9 0
10 1 0
Кестені толтырып, суреттерге қарай отырып, теңсіздік құрастыру.
20 40
40 > 30 60 < 70 т. с. с.
Теңсіздіктерге қарай отырып, ереже қорыту.
Толық ондықтарды салыстыру үшін алдымен ондықтарын салыстырамыз.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Отырып бір тұрайық.
Операциялық - орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.
Салыстыр. №2
2*3
20*30 т. с. с.
№3 Мәнін тап.
8+1=9
8онд.+1онд.=9 онд.
Өз бетімен орындайды. Мәнін тақтамен тексереді. Жұптық тексеру орындалады.
«Кім тапқыр?»ойыны.
«Құлпынайды себеттерге жинайық.» ойыны.
Құлпынайларды өрнектердің мәніне қарай себеттерге орналастырады.

«Кім ойшыл?» ойыны
Ауызша логикалық есептеуге тапсырмалар беру.
1. Маратта бар бес іні
Мұратта бар екі іні
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болды шешуі?(7)
2. Елу асықтың отызын
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?(20)
3. Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды отызы
Қонбады оның нешеуі?(10)
« Кім тапқыр?» ойыны.
Оқулықтағы №4 есеп.
30 - 10 өрнегі бойынша шығару үшін мына есептерде нені өзгерту керек?
Ойлан, тап: а*а+8
а*а - 8

Сабақты қорытындылау.
Үйге:№2(3), №3(3)
Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×