Петропавл қаласы
Қалалық класскикалық гимназия
Сейтбекова И. Т.
Сауат ашу:
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
2. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту.
3. Мамандық түрлеріне баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кестерлер, үлшілер, әріп кассасы, суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ассоциация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (өлең айту)
Мен күнді көремін,
Күн мені көреді.
Мен айды көремін,
Ай мені көреді.
Мен жұлдызды көремін,
Жұлдыз мені көреді.
Мен сені көремін,
Сен мені көресің.
Біз сізді көреміз,
Сіз бізді көресіз.
ІІ. Өткенді еске түсіру.
Әжесіне қонаққа бара жатқан Қызыл телпекті аңдардан құтқарып көмек беру.
1. Аюдың тапсырмасы. «Кім жылдам?» ойыны қай қатар өткен дыбыстарға сөз құрайды тез, әрі көп сөз құрау.
1 - ші қатарға э дыбысына сөз құрау.
2 - ші қатарға щ дыбысына сөз құрау.
2. Түлкінің тапсырмасы. «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.
... лектр, а... ы,... кран, тұ... ы.
3. Қасқырдың тапсырмасы. Кеспе әріптермен жұмыс.
І - нұсқа
Щетка(2 буын, 5 әріп, 6 дыбыс)
ІІ – нұсқа
Борщ(1 буын, 4әріп, 4 дыбыс)
4. Сергіту сәті
(музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ассоциация құру.
- Цирк деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Шарлар, жонглер, көңілді, қызық, су, аю, ит
2. Цирктің суретін көрсету.
Бізге таныс емес дыбыс. Ц дыбысы.
3. Ц дыбысын дыбыстату (артикуляциясын түсіндіру)
Ц - дауыссыз дыбыс (хормен айту)
Ц дыбысының баспа, жазба әріптерін көрсету.
4. Циркуль, цемент сөздеріне сөйлем құру, буынға бөлу, ц дыбысының орын анықтау.
5. Сергіту сәті.
6. Оқулықпен жұмыс.
а) Бағандағы сөздерді жекелеген оқушыларға оқыту, мағыналарын ашу.
Ц дыбысының орнын анықтау, суреттерін көрсету.
(ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездесетінің көрсету)
ә) «Цирк» әңгімесін мәнерлеп оқу. оқушыларға іштей және дауыстап оқыту. Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
- Әңгімен не туралы?
- Циркте нелер бар?
- Аю, ит не қылды?
7. Дәптермен жұмыс.
а) Ц ц үлкен, кіші әріптерінің жазылуын көрсету.
ә) Үлгі бойынша 1-ші жолдарды бастырып жазу.
8. Сабақты қорытындылау.
Клоунның тапсырамалары
а) Шашылған дыбыстардан сөз құра
(х, е, ц) цех
(р, и, ц, к) цирк
- Циркке адамдар неге барады?
- Циркте қандай мамандықтар жұмыс істейді?
- Не үйрендің; не білдің?
Бағалау: Клоун балалардың жауаптарына қанағаттанып, қыздарға шарлар, ұлдарға ысқырғыш сыйлады.
Ц дыбысы мен әрпі
- Классика
- 31 қаңтар 2013
- 17313
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ц дыбысы мен әрпі, сауат ашу, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Ц дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Имашева Венера Жоломановна...Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Ё дыбысы, әрпі
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.