Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету, бауырмалдылыққа, еңбекшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау – жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Алфавит, Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
- Назарларын сабаққа аудару.
Өткен сабақты тексеру
1. І дыбысына байланысты тұтас оқуға берілген сөздерді оқыту.
2. І дыбысы қандай дыбыс?
3. Неліктен дауысты дыбыс дейміз?
4. Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтір.
«Келесі буынды тап?»
Жаңа сабақ
1. Оқулықтағы сурет қарап; Әже деген кім? Сен әжеңе кім боласың? Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру.
2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыс
Бағандағы берілген сөздерді буындап, хормен оқыту. Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіру.
«Әже» мәтінін оқып беру.
Хормен оқыту.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сурет бойынша жүргізілген әңгімемен салыстыру.
Дәптермен жұмыс.
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
«Әжім – әженің әрі,
Әженің батасы – дәрі» деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу, дауыстап оқыту.
«Әже, әжім, әрі, дәрі» сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын түсіндіру.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
... ке,... демі, с... нді,... н, д... рі
Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы
А Ә
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.
Ә дыбысы мен әрпі
- Гүлжанар
- 26 қаңтар 2013
- 21646
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сауат ашу, дауысты дыбыс, Ә дыбысы мен әрпі, әліппе
Ұқсас жаңалықтар:
Ө дыбысы мен әріпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Ю дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі...Ё ё дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.