Математика пәні
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру.
білімділік: 7-ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.
дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: Оқушыларды еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
1 – слайд
Психологиялық дайындық.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.
Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
2 – слайд
«Өз үйіне орналастыр»» ойыны
Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз (дәптерге орындау).
3 – слайд
- Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып саналады екен, мына өлең жолдарына құлақ салайық.
4 – слайд
Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы – заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.
Жаңа сабақ 7 санының құрамы
5 – слайд
6+1 = 7
5+2 = 7
4+3 = 7
Оқулықпен жұмыс
1 – тапсырма
а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
6 – слайд ә) Теңдіктер құру, оқыту, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыру.
6 + 1= 7
7 – 1= 6
5 + 2= 7
7 – 2 = 5
4 + 3= 7
7 – 3= 4
2 – тапсырма орындау үшін геометриялық фигураларды еске түсіру.
7 – слайд Сәйкестендір
Төртбұрыш
Бұрыш
Кесінді
Үшбұрыш
Сәуле
8 – слайд
7 см > 6 см
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Кел, санайық, ал мұны
Нешеу болды барлығы?
Сандар қатарын еске түсіру үшін тура және кері санау.
9 - слайд
«Қай сандар жетіспейді?» ойыны
Ойын шарты: Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс.
«1, 3», «2, 4», «3, 5», «4, 6», «5, 7»
Оқулықтағы 3 – тапсырма интерактивті тақтада орындалады.
4 – тапсырманы кеспе қағаз тарату арқылы орындату.
0 * 7
7см * 5см
3 * 7
2см * 7см
7 * 7
7см * 7см
7 * 6
7см * 4см
Шығармашылық тапсырманы орындау.
Сабақты бекіту 10 – слайд
«Кім жылдам?» ойыны
Ойын арқылы 7 санының құрамын табу.
1. Санын білмей сәбіздің,
Қоян әбден тосылды.
Көмектесіп жіберші,
Құтқарып сен досыңды.
Оң қолында төрт сәбіз,
Сол қолында үш сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда екі өрік.
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта алты алма,
Саматта бір алма.
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
Сабаққа қатысуына қарай оқушыларды мадақтау.
7 санының құрамы
- Гүлжанар
- 26 қаңтар 2013
- 19140
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математика, 7 санының құрамы, бастауышқа арналған, сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
16 саны мен цифры
16 санының құрамымен таныстыру. 0 - ден 16 - ға дейінгі сандарды ауызша, жазбаша тура, кері санап үйрету. Дидактикалық ойындар арқылы ой – өрістерін...10 санының құрамы
10 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 10 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 10 көлеміндегі сандарды...10 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...7 санымен таныстыру
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: 7 санымен таныстыру,...7 саны мен цифры. Тура және кері санау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі Молдахан Мира Жақсылыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.