Сайтқа кіру Тіркелу

Елім менің

Мақсаты: 1. Еліміздің тәуелсіздігі жөнінде білім беру.
2. Берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: топпен жұмыс
Әдіс тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ,, интерактивті тақта, есептер, слайд.

Ойынның барысы:
Психологиялық дайындық: «Ахау Керім» - би
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар бүгінгі 2 «Ә» сыныбы ұйымдастырып отырған Тұлпарлар» және «Қырандар» тобы арасында өтетін «Елім, менің» интеллектуалдық ойынына қош келіпсіздер!
Ойынымыздың мақсаты тапсырмаларды орындау арқылы оқушы білімін шыңдау, жетістікке жету. Еліміздің тәуелсіздігін мақтан тұту, жырлау.
Құрметті біздің кең байтақ еліміздің ұландары, бүгін біздің «ЕЛІМ, МЕНІҢ» интеллектуалдық ойынына Оңтүстік астанамыз Алматы қаласынан «Тұлпарлар» тобы, ал Елордамыз Астана қаласынан «Қырандар» тобы өз өнерлері мен білімдерін көрсетуге келіпті.

1 - Кезең. Таныстыру
Тұлпарлар – Қазақстан Республикасы елтаңбасында тұлпарлар бейнеленген.
Тұлпарлар – дала дүлділі, ер – азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік атта, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Тұлпар поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол өлмес өмірдің бейнесі.
Қырандар – Қазақстан Республикасы – туында қанатын жайған қыран құс бейнеленген.
Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан – байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесінің кеңдігін паш етеді.

2 - Ширату.
Құрметті біздің болашағымыздың «Қырандары» мен «Тұлпарлары» алдымызда қандай мереке келе жатыр?
Еліміз тәуелсіздігін алғанына неше жыл толды.?
Иә, балалар, биыл еліміз етегін жиып, елдігін алғанына 21 - ші жылға қадам басса, рәміздерімізге 20 жыл толып отыр. Осындай тәуелсіз еліміздің, гүлденген жеріміздің бәсекеге қабілетті ұландары болып өсу үшін «Ширату» тапсырмаларын орындауымыз керек.
1. Әнұранның авторлары кім?
2. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
3. Еліміздің бас қаласы қай қала?
4. Еліміздің бұрынғы астанасы қай қала?
5. Астана қаласы қайда орналасқан?
6. Алматы қаласы қайда орналасқан?
7. Елбасы ең алғаш еңбек жолын қай қалада бастады?
8. Еліміздің тұңғыш президенті? (3 минут)
Бағалау, ұпай беру.

3 - кезең. Бастау
Балалар бастау кезеңінде болашақта өміріміз сәнді, мәнді болу үшін мына тапсырмаларды шешіп көрейік.
Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
Қазір алдымыздағы қағазға ағаштардың, бұталардың, шөптердің атын жазамыз. Қане, қай топ көп жазады екен? (2 минут)
Бағалау, ұпай беру.
Балалар біз не көріп тұрмыз? (Бұл жазу үстелі мен дөңгелек үстелінң суреті)
Ендеше келесі тапсырмаға назар аударайық. Мына тақтадағы бейне мен алдыңғы суреттің қандай байланысы бар? Қай топ дұрыс жауап береді сол топ ұпай алады. (жазу үстелі мен дөңгелек үстелдің сұлбасы). Ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
Тапсырма: Осы үстелдің бір бұрышын кессе неше бұрыш болады?
Дөңгелекке төрт сызық жүргізу арқылы шаршы алуға бола ма? (1 минут)
Бағалау, ұпай беру.
Ән: Көк тудың желбірегені

4 - кезең. Өткел.
Еліміздің «Қырандары» мен «Тұлпарлары». «Математика – ғылымдардың анасы» дейді. Ендеше атематикалық тапсырмаларға кезек береміз. Бес сұраққа 1 минутта жауап берулері керек
«Қырандар» тобына.
1. Ең кіші бір таңбалы сан. Бір
2. 1 ғасырда неше жыл бар? Жүз.
3. 5онд. Құралған сан. Елу.
4. 1 сағатта неше мин. Бар? 60
5. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы. ( 1 минут)
«Тұлпарлар» тобына
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз.
2. 4онд. Құралған сан. 40
3. Бір аптада неше күн бар? 7
4. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар геометриялық фигура. Үшбұрыш.
5. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99 (1 минут)
Бағалау, ұпай беру.
Сынық сызық жүргізу арқылы үлкен шаршыны тең екі бөлікке бөл. (1 минут)

Бағалау, ұпай беру.
Өз орныңды тап.
Билет нөміріндегі ондықтар - қатардың ретін, ал бірліктер - қатардағы орынды білдіреді. (2минут)
11, 14, 25, 44, 33, 49, 27, 35.49
Бағалау, ұпай беру.
Кестенің бос бөлігін толтыр (2 минут)
3аттар бағасы Сенде болғаны... қалды
Ұштағыш 37 50
Қалам 84 100
Пенал 85 100
Қылқалам 15 50
Субояқ 65 100
өшіргіш 36 50

Бағалау, ұпай беру.
5 - кезең. Мәре
Балалар, сендер елін, жерін сүйген ұландар екендіктеріңді дәлелдедіңдер. Біз мәреге де келіп жеттік. Болашақта Отанымыздың мақтанышы болатын өздеріңсіңдер. Енді біз қазақ тілі әлеміне сапар шегеміз.
Тапсырма. Сөздің соңғы дыбысын алып тастап жаз. (1 минут)
Қайрағы - шөбі -
Көйлегі - добы -
Шелегі - көбі -
Тамағы - шәйнегі -
Ойыншығы - күрегі -
Бағалау, ұпай беру

2 - тапсырма. Сөзжұмбақ (3 минут)
қ а с ы қ
қ и с ы қ
қ ы р ы қ
қ о р қ а қ
қ а л п а қ
қ а й м а қ
қ а с қ а л д а қ
Сұйық тағамды ішетін ыдыс.
Сызық түрі
4 ондықтан құралған сан
Бас киім
Сүттен жасалған тағам
Құс.

қ а й ы қ
қ ұ л а қ
қ а з а қ
қ ұ д ы қ
қ а й р а қ
қ ы з а н а қ
қ ы з ғ а л д а қ
Су көлігі
Баста орналасқан дене мүшесі
Ұлт
Су алатын терең қазылған жер
Пышақ қайрауға арналған құрал
Көкөніс түрі.
Гүл.
Бағалау, ұпай беру.

3 - тапсырма
Бұл тапсырмада текшеде жазылған әріптерден мұғалімнің сұрақтарына тез жауап жазу.
«Қырандар» тобына (2 минут)
1. Өлең жазатын адам. Ақын.
2. Ән айтатын адам. Әнші.
3. Абай атамыз айтқан бес жаман істің біреуі. Өсек.
4. Қазақтың ұлы ақыны. Абай.
«Тұлпарлар» тобына (2 минут)
1. Маң - маң басқан, маң басқан.
Шудаларын шаң басқан. (Түйе).
2. Қойдың төлі. (Қозы)
3. Сиырдың сүтінен жасалған тағам (Құрт).
4..........- оттан да ыстық. (Отан)
Бағалау, ұпай беру.
Ән «Атамекен»
Шешуші кезең.
Ойын: «Қай топ мақалды көп біледі?»
Ойын шарты: Екі топ Отан, туған жер жайлы мақал - мәтел айтудан жарысады. Қай топ мақалды көп айтса, сол топ сонша ұпайға ие болып, алдыңғы алған ұпай санына қосылып, сол топ жеңіске жетеді.
Қорытындылау.
Жеңімпаз топты анықтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×