Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі
Мухтарова Гулмира Танжарбаевна
Сабақ тақырыбы:Туған жер. Ө.Қанахин
Сабақ мақсаты: Жаңа материалды игерту
а) білімдік: Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды ашу
ә) дамытушылық: Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту
б) тәрбиелік:Өзгенің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланысы: бейнелеу, дүниетану
Көрнекілігі: Қазақстанның, Ақтөбе облысының карталары, Ойыл ауданының, Қараой ауылының бейнелері, интерактивті тақта
Сабақ құрылымы:
• 1. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
• 2. “Миға шабуыл”(Қайталау сұрақтары)
• 3. Жаңа сабақ
• 4. “Сөздің сырын ұғайық...”
• 5. Оқулықпен жұмыс(мәтінді тізбектей оқу)
• 6. “Бала шығармашылығы – болашақ негізі”
• 7. Тақырыптық тест
• 8. Бағалау
• 9. Үйге тапсырма
• 10. Қорытынды
І Психологиялық дайындық.Сақтайық кәне тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Сабақтардан сыр не ұқтық?
ІІ.Миға шабуыл
1. “Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай...” Үзінді қай өлеңнен алынған?
2. ІІ тараудағы тақырыбы “Рахмет” сөзінің синонимі болған мәтінді ата
3. Биыл жазда ту ұстап
Еттім ғой, - деп, мол еңбек.
Дала жатыр тыныстап,
Сәл демалып алам деп. Осы өлең жолдарының авторы кім?
4. Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
5. “Анна апайдың бақшасы” әңгімесінде Жеңіс неге ұялды?
ІІІ.Жаңа сабақ.Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосын әңгімелеу.
ІҮ.Өтебай Қанахин кім?
Ү.»Сөздің сырын ұғайық.....»
Киелі – ерекше қасиеті бар
Ризық - бұйырған нәсіп, ырыс
Маңғаз - кербез, паң, тәкаппар аспанмен таласқан, биік
Зеңгір - аспанмен таласқан, биік
ҮІ.Бала шығармашылығы –болашақ негізі.
І топ - «Туған жер» туралы мақал жазу
ІІ топ -«Уа туған жер, топырағыңнан жаралдым» өлеңдер оқу
ІІІ топ - «Ата қоныс – туған жер» сурет салу
ҮІІ Тестпен жұмыс
• 1. Туған жердің нәрі не:
• а) гүл
ә) көл
б) шөп
• 2. Туған жердің ризығы не:
• а) балық
ә) гүл
б) топырақ
• 3. Туған жердің көркі не:
• а) тас
ә) аққу
б) қала
• 4. Туған жермен мәндес сөз:
• а) астана
ә) атамекен
б) тоғай
ҮІІІ.Үйге тапсырма Мәтінді оқу.Мазмұнын айту.
ІХ.Бағалау
Туған жер Ө.Қанахин
- Айнурка
- 5 қаңтар 2013
- 13795
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туған жер, Ө.Қанахин, бастауыш, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес
Қазақ халқыны жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы түсінік беру. Туған жерге, туған жердің табиғатына саяхат жасаумен және ел тарихына мағлұмат...Туған жерің тасы да танымал
Туған жер туралы сабақ жоспары...Негізгі және туынды зат есім
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гулмира Танжарбаевна Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...Мың бір мақал
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - бала бақшасы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гүлмира Тақырыбы: «Мың бір мақал»...Құрал-саймандар тақтасы және мәзір
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Қараой мектеп-бала бақшасы Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Тақырыбы: Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. Мәтінді теру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.