Ақтөбе облысы,
Ойыл ауданы,Қараой мектеп - бала бақшасы
бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гульмира Таңжарбаевна
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақ мақсаты: а) дамытушылық: өткенді есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, теориялық білімін, шапшаң есептеу дағдысы мен ақыл-ой ұшқырлығын дамыту;
ә) тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, бірлесіп жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту
б) білімдік: сандарды ондық пен бірлікке жіктей отырып, есептеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: білім - іскерлік дағдысын қалыптастыру
Сабақтың типі: қайталау – ойын сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтерін пайдалану, практикалық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дүниежүзі картасы, мемлекеттер тулары, ребус, Қазақстан қалаларының, банктердің, карточкалардың, әртүрлі жеміс-жидектер суреттері, ҚР теңгелері т.б.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. «Жәрмеңке» аукцион - сабақ
4. Сергіту сәті: «Жарнама»( №5 есеп ауызша)
5. ОБСЕ Саммитіне сапар
6. “Азияда – 2011”(оқулықпен жұмыс)
7. Бағалау
8. Қорыту (Эйлер – Венн диаграммасы)
9. Үйге тапсырма беру
І. Класқа кіру, амандасу, оқушылардың даярлығын тексеру.Оқушыларды үш топқа бөлу.Оларға әртүрлі банк аттарын беру:
І топ «Халық банкі»,
ІІ топ «АТФ банкі»,
ІІІ топ «Темір банкі» банктерге ақша салымдарын салып, ойын ережелерімен таныстыру
2.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтарға жауап беру арқылы әр салымшы өз банктеріне қаржылай пайда келтіреді, әр сұраққа дұрыс жауап-200тг-ні құрайды.
1. Азайғыш пен айырманың мәні белгілі болса, азайтқышты қалай табуға болады?
2. 35+4=?
3. Қосындының мәні және бірінші қосылғыш белгілі болса, азайтқышты қалай табуға болады?
4. 100-7=?
5. Азайтқыш пен айырманың мәні белгілі болса, азайғышты қалай табамыз?
3. «Жәрмеңкеге қош келдіңіз!»
3. Жәрмеңке аукцион сабағына әр оқушы өзіне қажетті жемісті таңдау үшін, , қойылған бағаға сатып алып, артында жасырын тұрған есепті шешуі тиіс.
Алма: 23+7 60-4
Апельсин: 56+4 30-7
Банан: 67+3 100-7
Жүзім: 48см+2см 9дм-8дм
Құлпынай: 8дм8см+2см
4. Сергіту сәті «Жарнама» Оқулықтағы №5есептерге шапшаң әрі дұрыс жауап берген банк өздерін тегін жарнамалауға құқылы
№5 Сұрақтарға жауап бер:
1) Кәмила әженің үйінде 1апта 3күн болды.Кәмила әжесінің үйінде барлығы қанша күн болды?
2) Асқар жазда теңіз жағасында 1ай 1апта демалды.Асқар теңіз жағасында барлығы неше күн демалды?
5. Жақында ғана Қазақстанда болып өткен ОБСЕ Саммитіне қатысқан, жасырын тұрған елді тауып, есебін дұрыс шешкен оқушы тиісті ақшаны өз есепшоттарына кірістіреді.
Ресей (құны 500тг)
• Дүкенде 64 қорап қарындаш болды. Бірінші күні 10 қорап сатылды, ал екінші күні тағы 30қорап әкелінді. Дүкенде енді неше қорап қарындаш болды?
Шарты:
Бар еді – 64 қорап
Сатылды 10 қорап
Әкелінді 30 қорап
Болғаны қанша?
Қытай(құны 500тг)
• Дүкенде 64 қорап қарындаш болды. Бірінші күні 10 қорап, ал екінші күні 30 қорап қарындаш сатылды. Сатылмаған неше қорап қарындаш қалды?
Шарты:
Бар еді – 64 қорап
Сатылды 10 қорап және 30 қорап
Қалғаны қанша?
АҚШ (құны 600тг)
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
•«Халық банкі»: 1сағ 5 мин= ...мин;
1дм 5см= ...см
• «АТФ банкі»: 83 мин = ...сағ ...мин;
83см= ...дм ...см
•«Темір банк»: 1сағ 30 мин= ...мин;
94см = ...дм ...см
6. Оқулықпен жұмыс «Азияда-2011 Алматы - Атырау-Орал – Ақтөбе - Астана» маршрутымен алау топтан топқа көшеді.Теңіз бетінде корабльмен әр қалаға саяхатқа шығу әр топ жолдама билет алады. Билет құны 200тг
Алматы: №7 а) Атырау№7б) Орал№7ә) Ақтөбе: №7в) Астана№7г)
7. Бағалау
Ойынға қатысушы әр банктің есепшоттарындағы қаржыларын есептеу арқылы әуелі топтарды жалпы түрде бағалап, кейін әр оқушының түсірген пайдасына, яғни қаншалықты есеп шығарғанына қарай бағаланады.
8.Қорыту «Эйлер - Венн диаграммасы»арқылы қосынды мен айырманың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.өз беттерінше қорытынды жасату.
9.Үйге тапсырма беру: №2, №6 есептер
Өткенді пысықтау
- Айнурка
- 21 желтоқсан 2012
- 9375
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математика, бастауыш, өткенді пысықтау
Ұқсас жаңалықтар:
Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Турмагамбетова Акслу...Жазбаша қосу және азайту
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Альсуеуова Гулбану...Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту
Ақтөбе обл, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің мұғалімі Исеғали Жайдар...Өткенді пысықтау
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Математика. 2 сынып. Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.