Сайтқа кіру Тіркелу

Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"

Астана қаласы, № 63 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Нурбекова Асемгул Казымбековна

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Сабақтың мақсаты:
І. Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы, он алтыншы желтоқсан туралы мәлімет беру. Негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.
ІІ. Оқушыларды тақырыпты тыңдай және оқи отыра өз шығармашылығын еркін ойлау арқылы туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге дамыту.
ІІІ. Еліміздің табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ел бірлігін ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі оянған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ, өткенді қайталау
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу).
Сәлем саған күн, сәлем достым
Сәлем саған жер, мен сені сағындым.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Диалогтық әдіс бойынша.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардың назарын елбасы туралы слайдқа аударып сол бойынша тақырыпты түсіндіре отырып ашу.
(Тұңғыш елбасы айлығымен байланыстыру. Елбасының еліне жасаған игі істері, оның халыққа деген құрметі және елордадағы ғимараттар туралы әңгімелеу).
Диалогтық әдіс арқылы оқушылардың ойларын қозғау жаңа тақырыптың мазмұнына тоқталу.
(Оқушыларға берілген тақпақтарды айтқызу арқылы тәуелсіз мемлекет екенімізді еске түсіру.)
Олай болса бізге тәуелсіздік алып берген құрбандарымызға 1 минут үнсіздік арқылы еске алуды арнасақ (Барлығы орнынан үнсіз тұрады.)
Слайд арқылы «Желтоқсан желі» әні мен бейнеклипы көрсетіледі.
Олай болса оқушылар бүгінгі тақырыбымызда осы он алтыншы желтоқсанға арналмақ.
Автордың өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беру.

Тұманбай Молдағалиев 20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы – қазақ ақыны. Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (1956). "Пионер" журналында (1959-70) жұмыс істеді. "Балдырған" журналының жауапты хатшысы (1970-1973) болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманахының бас редакторы және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақстан мемлекетінің атақты ақын жазушысы Тұманбай Молдағалиев 2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.
«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін мәнерлеп оқу.
Оқушыларға орнынан іштей мәнерлеп оқу тапсырылады.

ІV. Сергіту сәті:
Басымызда күн біздің,
Бәйтеректей көктеген.
Ұшып көкке самғаған.
Жортқан дала құмында,
Жас ұрпақпыз біз деген.

V. (Дәптермен жұмыс)
Балалар оқып болсақ осы тәуелсіздік күні туралы ой толғаныстарыңды дәптер бетіне жазайық. Отанға байланысты мақалдарда жазуға болады.
Ия жазып болсақ, кәне оқиық. (мағынасын аша отырып талдату)
Балалар міне осы жазған тілектеріңнің барлығы жарқын күнге байланысты екенін байқадыңдар ма?
Тәуелсіздік дегеніміз - шаңырағымыздың тыныштығы күннің шуағындай бірлікте, достықта өмір сүру, өз теңдігімізді білу.
Біз кәзір қолымызда тұрған қағаздарды пайдалана отырып жарқыраған күн бейнесін жасаймыз. (Оқушылардың өзіндік қолданбалы өнерлері)

VI. Сабақты қорытындылау:
Ал балалар осы тәуелсіздік дегенде ойымызға не келеді?
Ол жер, отан, ел, туған ел, еліміздің рәміздері.
Дұрыс айтасыңдар олай болса сендер жасаған күн мына менің де күнім болсын осы тәуелсіздік күніне байланысты ойласып жазып көріңдерші.
(Оқушылар таратылған күннің шуақтарына осы мерекеге байланысты ойларын жазады, тақтаға жабыстырады)
Мысалы: Отан, елтаңба, ту, т.б
Оқушылардың шығармашыл ойларын жинақтау мақсатында логикалық сұрақтар қою арқылы «Елбасы» сөзін жазып шығару.

Біз қай сыныпта оқимыз? Екінші
Жазғы демалысты біз қайда өткіземіз? Лагерьде
Біз сабақтан не аламыз? Баға
Біз қай қалада тұрамыз? Астана
Біз не оқимыз? Сабақ
Жазда күн қандай болады? Ыстық

Олай болса біз «Елбасы» сөзін құрадық елбасы бар мемлекеттің тыныштығын, бірлігін ойлаған адам.
Тәуелсіз еліміздің теңдігі, еркіндігі, бостандығына арнап құрметпен елімізде «Тәуелсіздік монументі» ескерткішін орнатқан болатын.
Оны 10.10.2011 Тәуелсіздік монументі – Қазақстанымыздың жиырма жылдығына байланыстырып 20 метр биіктікте жасалынған. Еліміздің егемендігін айғақтайтын ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі.

VII. Бағалау: Оқушыларға сабақ барысында таратылған кеспе суреттер
арқылы бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: «Он алтыншы желтоқсан» 87-88 бет өлеңді жаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×