«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі
Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы.
Сабақтың мақсаты: Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір сәтінен мағлұмат беру қазақтың жазықсыз жалаға ұшыраған зиялылары туралы айту,танымдық білімін арттыру,ой-өрісін жан-жақты жетілдіру,жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Мәтінге байланысты слайдтар, сөзжұмбақ,сызбалар.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Үй тапсырмасын тексеру. С. Торайғыров. (1893-1920) ж
Кедей.
І топ – Мәнерлеп оқу.
ІІ топ – Жатқа айту
ІІІ топ – шығармашылық тапсырма.
1. Қазір кедей адам жоқ
2. Жатқа айту.
3. С. Торайғыров – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны,ғажап ақыл - ойшылы. Ол – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Ол – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жаңа сабақты хабарлау.
Автор жайлы қысқаша баяндау. Ш. Мұртаза 1932жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Ол драматург,жазушы,журналист,қоғам қайраткері.
Ш. Мұртаза қай салада еңбек етсе де,халықтың жоқтығын жоқтаған. Ол «Бөрте мен Зөре», «Мылтықсыз майдан» әңгімелерін, «Қызыл жебе» романын жазды.
2. Сөзжұмбақ шешу арқылы біз кім туралы екенін білеміз.
1. Әл-Фарабидің туылған қаласы
2. Абайды әлемге танытқан кім?
3. «Дала жұлдызы»кім?
4. Шоқанның орыс досы кім?
5. А. Байтұрсыновтың әкесі қайда жер аударылды?
3. Т. Рысқұлов(1894-1943 қазіргі Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш деген жерде дүниеге келді. Мектепте үздік оқыған ол Пішпектегі ауыл шаруашылық мектебін бітіріп,Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысады. 1917 жылы Әулиеатаға келіп большевиктер партиясына өтті.
4. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Интернат – алыстан қатынап оқитын балалар жататын үй.
Қойма – азық-түлік сақтайтын жер.
5. Оқулықпен жұмыс.
6. Топтық жұмыс
1. Рөлге бөліп оқу.
2. Сахналық көрініс
3. Кейіпкерлерге мінездеме беру
7. Әңгімеге ат қою.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Атадан асыл ұл туса
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса
Елінің малын жейді.
Бағалау.
Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы
- Узилдик
- 13 желтоқсан 2012
- 9476
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шерхан Мұртаза, интернат қоймасы, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, оның бай шығармашылық дүниесімен таныстыру....Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы...М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"
БҚО, Орал қаласы, №33 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насиева Ұлдай Байжумаевна...Бөрте мен Зөре
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе аулы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз...Шерхан Мұртаза (Бала Тұрарға мінездеме)
Қазақ халқының өткені туралы түсіндіру, осы әңгіме бойынша алған білімдерін жүйелеу, бекіту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.