Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілді тапқырлар.

Нұрмашева Шарбану Насырқызы.
Х.Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі.

Тақырыбы: Көңілді тапқырлар.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, қызықты есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1а,б,д сыныптар арасында өтетін «Көңілді тапқырлар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1-топ: «Алғырлар» 2-топ «Білгірлер»
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер»
Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық.
1-тапсырма
«Алғырлар»
1. Ең кіші сан.
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш.( Шаршы)
3. Қосу амалындағы сандардың атаулары
4. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті


«Білгірлер»
1. Бір таңбалы сандарды ата
2. Геометриялық фигура.( Төртбұрыш)
3. Азайту амалындағы сандардың атаулары
4. 1аптада неше күн бар?
2-тапсырма

«Баспалдақ» ойыны
«Алғырлар»
1+9 =
2+5 =
2-0 =
9-7 =
«Білгірлер»
0+5 =
7+2 =
9-5 =
8-3 =
3-тапсырма
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)
4-тапсырма
. «Сан ретін тап»
«Алғырлар»
2 10 9 3 8 1 6 5
«Білгірлер»
5 9 7 4 0 1 10 8
Оқушы сандарды ретімен орнына қояды.
5-тапсырма Ертегі есеп
«Алғырлар»

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

«Білгірлер»
Тапсырма: Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?
6-тапсырма
Математикалық санамақ айтып жарысу.
7-тапсырма Математикалық өлең есеп
«Алғырлар» тапсырмасы
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
«Тапқырлар»
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

7-тапсырма
Қызықты тапсырмалар.
«Алғырлар»
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
«Білгірлер»
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
8-тапсырма
«Кім көп біледі? »
Үш санның қосындысы 3 ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?
Үш топтан 3 оқушы шығып , тапсырсаны орындайды. 6 балл
Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар.
1. 1+1+1=3
2. 1+2+0=3
3.3+0+0=3
Сандар орнын ауыстырып тағы да бірнеше жолын шығаруға болады.
9-тапсырма
1.«Мен қандай сан ойладым?»
1-топ «Алғырлар»
?+2-5=10
2-топ «Білгірлер»
?-2+1=7
- Осымен, балалар «Көңілді тапқырлар» атты сайыс сағаты аяқтаймыз. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шығамын білім шыңына!

Шығамын білім шыңына!

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер,...
Қызықты математика

Қызықты математика

1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...
Жас математик танымдық сайыс сабақ

Жас математик танымдық сайыс сабақ

1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...
Түрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын ойлап табу

Түрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын ойлап табу

Көкшетау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Мұғалім: Шамиғанова Р. М....
Қызықты  математикалық ойындар

Қызықты математикалық ойындар

СҚО, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы №2 Ленинград орта мектебі Жаканова Асем Магауияновна Қызықты математикалық ойындар Сабақтың мақсаты: Білімділігі:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×