Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Бибигул Ивановна
Қазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта-ықыластарын аудару.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлі сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, ереже, алма.
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, венн диаграмма, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
55-жаттығу. Батаны жатқа сұрау.
Болымсыз етістікті табу.
ІІІ.Бекіту.
- Етістік дегеніміз не?
- Түрлерін ата.
- Болымды етістікке мысал келтір.
- Болымсыз етістік дегеніміз не, мысал келтір.
ІV. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.
етістік
туынды
не
негізгі
болымсыз
кім
болымды
1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөз табы.
2. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті не дейді?
3. Зат есімнің сұрағы?
4. Негізгі түбірден болған зат есімді қандай зат есім дейміз?
5. Кетпе, жұлма, айтпа сөздері қандай етістік?
6. «Оқушы» сөзіне сұрақ қояйық.
7. «Күл, жаз, кел» сөздері қандай етістік?
Тігінен «Сын есім» сөзі шықты.
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім».
1. Қызығушылығын ояту.
2. – Балалар мынау не?
3. – Алма
4. – Иісі қандай?
5. –Жұпар иісті, жағымды.
6. –Үлкен
7. –Түсі қандай?
8. –Қызыл
Яғни, біз бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық.
Ереже шығарайық.
Заттың сынын, сапасын, түрін, пішінін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
2. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.
Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіріп тұр.? (түсін, сапасын, дәмін)
2-жаттығу.
Суретке қара. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
Күн қандай?
Аспан қандай?
Жапырақтар қандай?
Керекті сөздер: көңілді, ашық, көк, көгілдір, жасыл, сары, жабысқақ, нәзік.
Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады?
Сұрақтарға жауап жаз.
3. Сергіту сәті. Ойын: «Мен қандаймын»?
Шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Айнұр - ақылды. Әсем - әдепті.
3-жаттығу. Қияр туралы жұмбақ құрастыр. Ол үшін қиярдың белгілерін (түсі, түрі, дәмі) ата.
Жұмбақтағы әрбір сөз қандай сұраққа жауап береді?
4-жаттығу.
Суретті қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал.
Мәтінді ретімен көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.
4. Ойын. «Тез ойла, сөз ойла»
Тәтті, жасыл, әдемі
V. Қорытынды.
Венн диаграмма.
VІ. Үйге тапсырма.
6-жаттығу.
Әткеншекке жасырынған жидек аттарын тап. Оларға қатысты қандай сын есімдерді айта аласың?
VІІ. Бағалау.
Сын есім
- Бибигул Ш
- 17 қараша 2012
- 15426
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, сын есім, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есім
Сабақтың тақырыбы: СЫН ЕСІМ Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу. Дамытушылығы: Сын...Етістікті пысықтау
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сабырова Гүлнұр...Зат есім
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ..."Сөз таптары"
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.