Тақырыбы: Ауа. Ауа қасиеттері.
Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, дидактикалық материалдар
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Табиғаттағы судың ластануы туралы айту.
2. Суға қандай зиянды қалдықтар түседі, олар ағзаларға қалай әсер етеді?
3. «Арал қасіреті » дегенді қалай түсінесің?
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа)
Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.
- Тез қысыла ма?
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ – яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,
1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.
Ой - толғаныс.
1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат әйнек салады?
2. «Ауа таза болсын» дегенді қалай түсінесің?
3. Ауа құрамына қандай газдар кіреді?
Сергіту сәті.
Саусақпен мұрын қысайық.
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.
- Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
Сабақты бекіту.
1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?
а) азот
б) оттегі
в) көмірқышқыл газы
2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.
б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.
3.Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?
а) сутек, мыс, мырыш
б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.
в) хлор, фтор, йод.
4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?
а) Қыздырғанда ауа ұлғаяды.
б) салқындатқанда ауа қысылады.
в) Ауа жылуды жай өткізеді.
Үйге тапсырма. Ауа. Ауа қасиеттері. (оқу)
Қорытындылау.
Бағалау.
Ауа . Ауа қасиеттері
- ботагуз
- 14 қараша 2012
- 75883
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дуниетану сабагы, бастауыш, ауа, ауа қасиеттері.
Ұқсас жаңалықтар:
Ауа. Ауаның қасиеті
Мақсаты 1. Ауаның қасиеттерімен таныстыру. Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Ауа адам өміріндегі маңызын түсіндіру. 2. Тәжірибелер жасау...Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы...Ауа және ауа райы
БҚО, Теректі ауданы, Шаған ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муратова Клара Ораевна...Су. Судың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және...Су. Судың қасиеттері
Атырау облысы , Атырау қаласы Қ. Смағұлов орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы Дүниетану Сыныбы: 2...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.