Сайтқа кіру Тіркелу

Компьтер жанындағы жанжал

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қ. Пірімов атындағы ауылы,
№103 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тоқсанбаева Биғанша

Сабақтың тақырыбы: Нұрдәулет Ақыш
Компьютер жанындағы жанжал

Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: Мәтінді болжау стратегиясы арқылы түсіндіріп меңгеру Сұрақтармен тапсырмалар топтық жұмыстар арқылы ой өрісін кеңейту
ә)дамытушылығы: Балалардың ойын жинақтап өз бетінше қортынды жасай білуге машықтандыру
б)тәрбиелілігі: Балалардың қызығушылығын арттыру белсенді ынталана оқуды үйрету өз пікірлерін еркін айтуға өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу

Түрі: Дамытушылық
Типі: Жаңа білімді хабарлау
Әдісі: Сұрақ жауап болжау кестесі бес жолды өлең
Көрнекілігі: Суреттер тірек сигналдары

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық Бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Сабақ басталысымен әр топтың басшысы тағайындалып топтың аттары тағайындалады.
Балалар біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Әр топ басшысы төз тобының жұмысын ұйымдастырып топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бақылайды.
Бүгінгі ана тілі сабағымызды қалай өтсін деп ойлайсыздар. Оқушылар өз ойларын айтып шығады.
Сабағымыз өте көңілді өтсін.
Жақсы бағалар алайық.
Ұстазымызды сыйлаймыз.
Аспанымыз ашық болсын.
Табиғатты қорғаймыз.
Келе жатқан 8 наурыз - көктем мерекелеріңіз құтты болсын!

Үй тапсырмаларын сұрау
С. Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан» мысалын мәнерлеп оқу.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі - «асық» ойыны арқылы үй тапсырмаларын қорытындылау
1. Арыстан тышқанды неге өлтірмекші болды
2. Тышқан қалайша өлімнен құтылды
3. 3. Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады
Жаңа сабақ
1. Автор туралы айту
Балалар, бүгін біз Нұрдәулет Ақыш деген ақын-жазушымызға тоқталамыз
1950жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылында туған Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген Республикалық «Мектеп» «Жалын» «Балауса» кітап баспаларында «Қазақ әдебиеті» «Жұлдыз» «Қазақстан мұғалімі» «Халық кеңесі» «Заң газеті» газет журнал редакцияларында әр түрлі қызметтер атқарады
Жазушының балаларға арналған туындылары бар. «Жұмбақ іздер» «Қиырдан келген көгершін» «Киелі көздің қарашықтары» «Бей уақытта жанған от» т. б
Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері
Бүгін Нұрдәулет Ақыштың «Компьютер жанындағы жанжал» деген әңгімесімен танысамыз.
2. Ой қозғау
3. Компьютер туралы не білесіңдер
Интернет әдісі бойынша
- дұрыс балалар. Компьютер туралы біраз мағлұмат біледі екенбіз. Ал енді не білгілерің келеді?

3. Мәтінді мазмұндау
Болжау кестесі бойынша әңгімені бірнеше бөлікке бөліп оқу.
Оқу шыларды 3 топқа бөлу.
Алғырлар (Топ басшысы Нағашыбай. А)
Білгірлер (Топ басшы Төлеген Құлпыбай)
Тапқыштар(Топ басшысы Ғани Ғасырбек)
4. Топтарға тапсырма
1 бөлмеде оқу әңгімелеу ат қою сурет салу
2 бөлмеде оқу әңгімелесу ат қою сурет салу

4 Талдау
1 бөлімге қойған атын сұрау оқушылардың түсінгенін айтқызу «Мерекелік қалаға Айдынның үйіне қонаққа келуі» суретін салу тақтаға ілу.
2 бөліміне қойған атын сұрау оқушылардың түсінгенін айтқызу «Айдынның интернетке шығуы» тақырыбына салған суретін тексеру тақтаға ілу.
5. Компьютердің қандай пайдасы мен зияны бар(тоқталу)

Қорытынды бөлім
«Бәйге» ойыны арқылы сабақты қорытындылау
1. Әңгімеге кімдер қатысты.
2. Балалар компьютерде қандай ойын ойнамақ болды?
3. Олардың ойындары неліктен үзілді?
4. Мәтіннен «Интернет» туралы не ұқтың?
5. Өзің компьютерде қандай ойындар ойнайсың?

Бағалау(Өзін-өзі бағалау)
Үйге тапсырма
1. Нұрдәулет Ақыштың «Компьютер жанындағы жанжал» әңгімесін мәнерлеп оқу
3. Компьютердің суретін салу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×