Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы,«Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна
Сабақтың тақырыбы: «Сый, тый» сөздерінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сый, тый және бұлардан тараған сөздерге (ый) жазылатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекілікпен жұмыс.
Көрнекілігі: Магнитті тақта, мақал-мәтел.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, сендердің үйлеріңе қонақ келе ме?
- Сендер қонаққа бардыңдар ма?
- Қонақты қалай күту керек?
Оларға сый-сияпат, құрмет көрсетуіміз керек.
Ендеше, біз бүгінгі қонағымызға қандай сый-сияпат көрсетеміз. Бұл кісілерді жақсылап күтуіміз керек.
- Ол үшін сендер не істеулерің керек?
- Сабаққа жақсы қатысып, жақсы оқуымыз керек.
- Жарайсыңдар.
«Сыйласаң сыйлы боларсың» деген сөздің мағынасын сұрау.
ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз: «Сый – тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жазылады.
лық
лы
ым
ла
- Қане, ендеше қандай тыйым сөздерді білеміз?
«Жалғыстыр» ойынын ойнаймыз.
Не істеуге болмайды?
1. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
2. Кішкене баланы жылатуға болмайды.
3. Құстарды атуға болмайды.
4. Сабақтан кешігуге болмайды
5. Сыныпта айғайлауға болмайды.
Не істеу керек?
1. Үлкен кісіні сыйлау керек.
2. Үлкеннің тілін алу керек.
3. Үлкендерге сәлем беру керек.
4. Аналарды, апаларды сыйлау керек.
5. Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.
ІІІ. Кітаппен жұмыс.
80 – жаттығу. «Сыйға – сый» өлеңін оқу, қарамен жазылған сыйлайды, жинайды сөздерін салыстыру.
Дүниетанумен байланыстыру. Сыйға – сый дегенді қалай түсінесің?
ІV. Өз бетімен жұмыс.
81 – жаттығу. Көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау.
Сый, сыйлық, сыйла, сыйды.
Тый, тыйым, тыйылды.
82 – жаттығу. Жұмбақты шешу.
Сыйымды дегенді түсіндіру.
V. Шығармашылық жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сатылай комплексті талдау технологиясы.
Мектеп ------------------------------Шаңғы ----------------------Айна
Жіңішке -----------------------------жуан -------------------------жуан
Мек – теп--------------------------- шаң – ғы -------------------ай – на
екеу де бітеу буын -------------- бітеу б. ашық -------------тұйық б. ашық б
VІ. Сабақты пысықтау.
83 – жаттығуды орындау.
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма.
«Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.
Сый, тый сөздерінің жазылуы
- АсельА
- 12 қараша 2012
- 8811
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, сый, тый сөздері
Ұқсас жаңалықтар:
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім - қайырымдылыққа...Әдептілік әдемілік
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Атира Жолдасовна...Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Бала құқығы – асыл қазына
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық...Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.