Сайтқа кіру Тіркелу

Үштілділік-заман талабы

Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баулу. Оқушыларды мақал - мәтелді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөз байлығын арттыру. Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеуге баулу.
Міндеттері:
Қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып және орыс тілін білу, құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру
Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқушыларда тілге деген құрметті бойларыңа сіңіруге тәрбиелеу.
Өткізу формасы: Интерактивті әдіс – тәсілдер. Талдауға ұсынатын педагогикалық сұрақтар. Педогогикалық жағдаяттар. Іскерлік ойындар.

Іс - шараның көрнектілігі: Қабырға газет буклет.
Қанатты сөздер:
• «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ». Ш. Айтматов
• «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды ұмыту». Б. Момышұлы
• «Тіл - ұлттың жан дүниесі»Л. Толстой
кітап көрмесі, плакаттар, шарлар
Талқыланатын тақырыптар:
1. Кіріспе сөз. "Тіл - тіршілік тынысы"
Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын! Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілін білу - әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді үйрену – Қазақстан Республикасында өмір сүрудің басты шартына айналып отыр. Бүгін қазақ тілін үйрену барысында қол жеткізген табысымыздың бірін көрсетпекшіміз. Қазақ тілі - әлеуметтік, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі балалардың мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім – тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Басқа ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілінде сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
I бөлім. Ойын. «Кім табады».
Қоржынның ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ тілі қандай тіл? Халықаралық қандай тіл?
2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
3. Тіл туралы Заң қашан шықты?
4. Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?
5. Қазақ алфавиттік негізде құрылған?
6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Орыс тілінде ше?
7. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? Орыс тілінде ше?
8. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар?
9. Қазақ тілінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?
10. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

II бөлім. Әдеби монтаж
Қарақат: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмей өскен - әңгүдік Өсер балаң, байтақ дала тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! Нұртас: Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
Анеля: Қазақ осы «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы Қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, Жатырқауды білмейтін Қазақ осы Ашық – жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Алинұр: Сүйемін туған тілім, анам тілін Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Жансая: Туған тілім – тіршілігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өлсе тілім менде бірге өлемін. Мейрлан: Туған тілім – бабам тілі - өз тілім! Туған тілім – анам тілі - өз тілім! Туған тілім – далам тілі - өз тілім! Туған тілім – адам тілі - өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
Айгерім: Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де, Сөйлеп тұрсың менің ана тілімде. Қазақ болып туғаннан соң бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде!
Айғаным: Қазақ тілі! Ол – менің ана тілім! Қазақ тілі! Байсалды баба тілім! Сол байлықтан аз емес алатыным.
Ерсұлтан: Қуан далам, қуанатын күн бүгін Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін. Тіл туралы Заңым енді күшіне; Паш еткендей, кескен дала кіндігін. Қазақ тілі борандатқан дауыл күй, Қазақ тілі - өлең – жыр мен ән мен күй Байқасаңдар қазақ тілі осындай Аққан судай, ескен желдей табиғи.
«Полиглот» ойыны
Сіздерге қазақша, орысша, ағылшынша сұрақтар қойылады, сіздер жауап бересіздер. Кім көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол «Полиглот» деп есептеледі.
Аламан бәйге
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин
2. Autumn қай мезгіл? Күз (оутум)
3. Автор романа - эпопеи «Путь Абая». М. Ауэзов
4. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
5. Кому? Чему? Қай падеждің сұрақтары? Дательный
6. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? 42
7. «Царевна - лягушка» ертегісі әдеби ме, халық ертегісі ме? Халық ертегісі
8. А. Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған? Крылов
9. Орыс әліппиінде неше әріп бар? Отыз үш
10. Қазақ тілінде неше септік бар? Жеті.
Сергіту кезеңі:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық!
Тапсырма: «Жеті жұрттың тілін біл»
(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек)

1. Тіл тәтті, бауыр қатты. ( тіл - язык - hanguage)
2. Егер тілім ертең болса құрымақ
Мен дайынмын өлуге бүгін - ақ ( ертең - завтра - tomorrow)
3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова - word)
4. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ( оқы - читай - read)
5. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо - face)
6. Алтын күн бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың. ( күн - солнце - day )
7. Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік.
(адам - человек - person)
8. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желік бас
Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас.
(халық - народ - people )
9. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand)
10. Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз. (Ақыл - ум - mind)

III бөлім. «Жалғасын тап»
Мұғалім бастап айтқан мақалдарды аяқтау.
1. Арқанның ұзыны, /тілдің қысқасы жақсы/
2. Ең тәтті де тіл, /ең ащы да тіл/
3. Ер жігіт елі үшін туады, /елі үшін өледі/
4. Жақсы жолдас жаңға серік, /жаман жолдас малға серік
5. Тіл тас жарады, /тас жармаса, бас жарады/ 6.
Шебердің қолы ортақ, / шешеннің тілі ортақ/
7. Сөз сүйектен өтеді, /таяқ еттен өтеді/
8. Оқу – білім бұлағы, /білім - өмір шырағы/
9. Білім қымбат, /білу қиын/
10. 11. Білім таппай мақтанба, /өнер таппай баптанба/

Ойын «Асық шашар». Бес оқушы шығады. Кімге асық жетпесе, сол оқушы мақал - мәтел, жұмбақ, өлең айтады.
Ортаға жұмбақшылар шығады.
1. Ой маржанын тере білген Әр жазушының, әр ақынның Әр сөзіңді емемін мен Ана сүті... /ана тілім/
2. Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді – тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем /кітап/
3. Тіл – ырысың, өрісің де Тіл – көктегі ғажап Күнің де Ғажап күнсің мен үшін де Бабам тілі... /қазақ тілі/
Ән «Ана тілім» Анамнаң тілі айбыным менің, Қазақтың тілі айбыным менің. Сүйемін байтақ елімді туған.
Сүйемін мәңгі өмірді думан. М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.
Рефлексия және сабақты ұйымдастырылған түрде аяқтау

Не білдік?
Не үйрендік?
Нені білгім келеді?
Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен - күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет - ақ.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×