Сайтқа кіру Тіркелу

Топырақ. Топырақты қорғау

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақты қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ түсінің және сапасының қарашірікке байланысты екендігін әңгімелеу.
2. Тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың жан - жақты ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін, дағдыларын арттыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, тәжірибе жасау,
Сабақтың көрнекілігі: Топырақтың түрлері, Қазақстанның топырақ картасы, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен - күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен - ормансың, сен - бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Табиғат деген не?
- Айналамызды қоршаған дүниелер
- Біз адамдар табиғаттан көп нәрселерді үйрендік. Сонымен бірге қажетімізге керек заттарды да осы табиғаттан аламыз. Қандай заттар аламыз? (ауа, су. жеміс, алтын, көмір, мұнай)
- Алтын, мұнай, көмірді бір сөзбен қалай айтуға болады? (пайдалы қазбалар.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын пысықтау. Сызбаны сұрақ қою арқылы толтырамыз.
1. Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жынысы. (пайдалы қазбалар)
2. Ең көп өндірілетін, тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан бензин, керосин май, көптеген бағалы заттар бөліп алынатын пайдалы қазбалар қалай аталады? (Жанғыш)
3. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (көмір, мұнай, газ)
4. Олар Қазақстанның қай өңірінде өндіріледі.? (Қарағанды – Екібастұз, Маңғыстау)
5. Құрамында металл кездесетін тау жыныстары. (кенді пайдалы қазбалар)
6. Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы не алынады? (темір, мыс, қорғасын, алюминий)
7. Олар Қазақстанның қай өңірінде өндіріледі.?(Орталық Қазақстан, Жезқазған, Қоңырат)
8. Тыңайтқыш өндіруге, қышқыл алуға құрылыс қажетіне пайдаланылатын тау жыныстары.(кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)
9. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата. (тұз, мәрмәр, фосфорит, гранит, құм, саз)
Фосфорит қайда өндіріледі? (Қаратауда).......

Топырақ. Топырақты қорғау. жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тау жыныстары деген не?

Тау жыныстары деген не?

Оқушылардың пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; Оқушылардың тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін артыру;...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Айсұлу...
Пайдалы  қазба  түрлері

Пайдалы қазба түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері,...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы

Топырақтың ерекшелігі мен құрамы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі мен құрамы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×