Сайтқа кіру Тіркелу

Үйрену

Сыныбы: 4 «А» Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалім: Г. Үсенова

Сабақтың тақырыбы: Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
СМАРТ мақсат: 15 минут ішінде сынып оқушыларының 100% - ы «Паровоз» әдісі арқылы Әбдірахман Асылбекотың «Үйрену» өлеңімен танысады, 90%- ы іштей оқу және «серпілген сұрақтар» әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын ашады және түсінеді, сызба арқылы өлеңнің мазмұнына талдау жасай алады, 70%- ы берілген суреттер бойынша тақырыпқа ұқсас өлең құрастырып жаза алады.
Сабақтың мақсаты: 1. Әбдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысу
2. Өлеңнің мазмұнын ашу және түсіну
3. Өлеңнің мазмұнына талдау жасау, берілген суреттер бойынша тақырыпқа ұқсас өлең құрастыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Әбдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысады
2. Өлеңнің мазмұнын ашады және түсінеді
3. Өлеңнің мазмұнына сызба арқылы талдау жасай алады және берілген суреттер бойынша тақырыпқа ұқсас өлең құрастырып жаза алады.
Сабақтың түрі: Сындарлы оқытуға негізделген сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: 1. «Тосын сый» әдісі 4. «Серпілген сұрақтар» әдісі
2. «Шындық пен жалған» ойыны 5. «Өнертапқыштар» ойыны
3. «Паровоз» әдісі
Бағалау әдістері: 1. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау 2. Критериалды бағалау
3. Мадақтау 4. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі
Құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Дербес компьютер, интербелсенді тақта, слайдтар, түрлі - түсті кәмпиттер, топ аттары жазылған парақшалар, пошта жәшігі, таратпа кестелер, бағдаршам түстері, бейнеролик, сөздік жазылған парақшалар, таратпа сызбалар, суреттер, ойынға қажетті құралдар: шар, жіп, желім, қорап, құрастырғыштар, машина суреттері, қайшы. Рефлексия парақшалары.
Пәнаралық байланыс: 1. Дүниетану 3. Еңбек 5. Орыс тілі
2. Музыка 4. Шет тілі
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:

Қосымша әдебиет:

Интернет ресурс:
«Әдебиеттік оқу» оқулығы, 4 - сынып. Алматы: Атамұра, 2015. 264 бет. Автор: С. Рахметова
«Әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі»
«Сұрақ және жауап» энциклопедиясы
«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы
«Менің алғашқы энциклопедиям»
Wiki беттері. Сайт «Қаламгер». Сайт «Сабақтар»
Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушының іс - әрекеті: Мақсаты:
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық:
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
3. Көңіл - күйін сұрау.
«Тосын сый» әдісін жүргізу.
Топтарға біріктіру:
Сары түсті кәмпит алған топ – «Тапқырлар» тобы
Қызыл түсті кәмпит алған топ – «Ұшқырлар» тобы
Жасыл түсті кәмпиттер алған топ – «Жүйріктер» тобы Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа даярлығын көрсетеді.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Әр топтан бір оқушы шығып өздері таңдаған қапшықта жасырылған тосын сыйларын алады.
Қапшықтағы кәмпиттің түстері бойынша топтарға бірігеді. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал туғызу және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
Жеке жұмыс.

Ержанға арнап хат жазу тапсырмасы бойынша пошта жәшігі қойылады. Хаттар жиналғаннан кейін пошташы хаттарды алып кетеді.
«Шындық және жалған» ойыны арқылы «Сурет салғым келмейді» әңгімесі бойынша үй тапсырмасы сұралады.
Оқушыларға парақшалар таратылады.
Тапсырма орындалып болғаннан соң интербелсенді тақтадан дұрыс нұсқа көрсетіледі. Жұптық тексеру мен бағалау жүреді.

Жетелейтін сұрақтар:
- Балалар, біздің сыныпта осы Ержан секілді суретшілердің үйірмесіне қатысатын оқушы бар ма?
- Сендер де Ұлы суретші Лоенардо до Винчи, Қанафия Телжанов секілді сурет салып үйренгілерің келе ме?
- Суретті көзбен көріп, қолмен ұстап көру арқылы бірден сала аламыз ба?
- Бұл жеткіліксіз. Сол себепті біз не істеуіміз керек? Сурет салып.... керек.
- Балалар, осы «Үйрену» тақырыбында Әбдірахман Асылбеков атты аталарың сендерге арнап өлең жазған екен. Осы өлеңмен танысқыларың келеме?
- Олай болса, алдымен өлеңнің авторы туралы қысқаша мәлімет алайық.
Бейнеролик
Қосымша ақпарат тақтасынан мәлімметтер беріледі. Оқушылар жазған хаттарын пошта жәшігіне салады.

Оқушылар берілген парақшаларға «Сурет салғым келмейді» әңгімесі бойынша жеке тапсырма орындайды. Кестеде берілген сөйлемнің мазмұны әңгіменің мазмұнына сай болса, оқушылар шындық бағанасына қанатша қояды, ал бұрыс болса, жалған бағанасына қанатша қояды.
Оқушылар тақтада көрсетілген дұрыс нұсқа арқылы жұптарымен алмасып, жұмыстарын тексереді. Жұптары қойған бағалаулары бойынша өз - өздерін «Бағдаршамның түстері» арқылы бағалайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
- Ия
- Ия
- Жоқ немесе ия деп жауап береді
- Үйрену керек.
- Ия Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.

Өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында көпірше орнату, жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту.
Оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау.
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ

Жеке жұмыс
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап оқу «Паровоз» әдісі арқылы, іштей оқу.
Дәптермен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс. (Алдын - ала қабырғаларға ілініп қойылады)
Ақ құман – шәйнек - чайник - teapot
Паровоз – ақ құман - engine
Сүңгуір қайық – подводная лодка - submarine
Жираф – керік – giraffe
«Серпілген сұрақтар» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қою:
1. Өлең не туралы?
2. Адамдар инелікке қарап не жасаған?
3. Балыққа қарап не жасаған?
4. Жирафқа қарап не жасаған?
5. Аққұманға қарап не жасаған?
6. Бұлбұлдан не үйренген?
7. Аяз салған суретке қарап не үйренді?

Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сергіту сәті. Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған ән тыңдату
Оқушыларға жұмыс парақшасы таратылады.
1. Сызбамен жұмыс. «Неге қарап нені жасаған?»
2. Суретке қарап өлең шумағын құрастыру.

Критериалды бағалау жүргізіледі.
Бағалау критерийлері:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Өлең мазмұнына сызба арқылы талдау жасау
3. Суретке қарап, «Үйрену» өлеңіне ұқсас 1 шумақ өлең құрастыру.
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Іштей оқиды

Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Сұратарға жауап береді
Оқушылар Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған әнімен танысады.

Сызбаны толтыру арқылы өлең мазмұнына талдау жасайды.
Оқушылар берілген суретке қарап, «Үйрену» өлеңіне ұқсас 1 шумақ өлең құрастырады.

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсінуге жағдай жасау
Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту.

Өлеңді мазмұнын талдай білуге үйрету
Оқушылардың өлең мазмұнын меңгергендігін тексеру

Оқушыларды сергіту
Қорытынды:
Топтық жұмыс

Топ аралық бағалау
Үйге тапсырма:
Рефлексия

«Өнертапқыштар» ойыны.
Шарты: өлең шумақтарындағы көп қабатты үй, темір тұлпар, әуе шарын берілген құралдардан жасап шығарып, қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.
«Үйрену» өлеңін жаттау
Оқушыларға «Не білдің? Не үйрендің? Не қиын болды?» деген сауалдар қойылған парақшалар таратылады.
Оқушылар топтық жұмыс жүргізеді.
І топ: Машина макетін жасайды және жоба ретінде қорғайды.
ІІ топ: әуе шарының макетін жасайды және жоба ретінде қорғайды.
ІІІ топ: Көп қабатты үй жасайды және жоба ретінде қорғайды.
Топтар бір - бірін бағалайды.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне толтырады.
Оқушылар парақшалардағы сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады. Жаңа тақырыпты бекіту Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Кері байланыс орнату
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×