Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Кедей»
Сабақтың мақсаты: СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері; білімділік: өлеңнің негізгі ойын, идеясын меңгерте отырып, тарихи кезеңдерге тоқталу. Оқушыларға автор туралы мәлімет беру.
дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
тәрбиелілік: Отанын сүюге, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер топтамасы, сюжетті сурет, кестелер.
Типі: аралас сабақ
Түрі: топпен жұмыс
Әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, тірек сызба
Сабақ барысы:
1. Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.
Қара достым жан - жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі - бәрі орнында...
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқу түбі – тоқу
I – топ: Б. Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын сұрау
II – топ: Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест сұрақтары:
1. Б. Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А. соғыс жылдары
Б. ашаршылық жылдары
В. жоңғар шапқыншылығы
2. Ашаршылық қай жылдары болған?
А. 1941 - 1945 жылдары
Б. 1936 жылы
В. 1930 - 1932 жылдары
3. Жырлағаным – кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір -
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А. Б. Майлин
Б. Қабанбай батыр
В. Б. Соқпақбаев
4. Ой қозғау; Тест тапсырмасының 3 - ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?
- Кедей..
- Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?
5. Мағынаны тану.
1. Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру
Кедей
Күзгі түн шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген
Қараңғы, ит пен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа.
2. Іштей оқу, тізбектеп оқу;
3. Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.
4. Топтарда толтырған кестелер арқылы пікір алысу.
5. Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды, ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
6. Сергіту сәті.
7. Ой толғаныс.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады. Ойды дәлелдеп, өмірден мысал келтіреді.
I топ II топ III топ
8. Еркін жазу. Оқушылар сұраққа жазбаша жауап береді.
Iтоп: Бұл өлеңді ақын неліктен “Кедей” деп атаған?
II топ: Кедей деп кімдерді атаған?
III топ: Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?
9. Қосымша ақпарат беру. Тарих бетіне үңілсек...
Аштық жылдары 1921 - 1922 жылдардағы аштық 1930 - 1932 жылдардағы аштық
Болу себептері 1921 жылы жазда қуаңшылық болып, малдың 80%- ы қырылды. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында - 40, 5 млн. мал болды. 1933 жылы 4, 5 млн. мал қалды.
Зардаптары: Демографиялық жағдай қиындады. Халық саны l/3 - не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. 1930 - 1932 жылдардағы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
10. Автор туралы мәлімет.
11. Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін - келбеті.. Суретке байланысты мақалдар айту
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар...
12. Венн диаграммасы.
Оқушылар екі мәтінді салыстырып ұқсастығын табады.
Ұқсастығы
13. Бекіту. Бес жолды өлең;
1. Кім?- Кедей
2. Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3. Не істеді?- Қой бақты.
4. Не үшін?- Күнін көру үшін.
5. Жалпы ойды түйіндеу - жоқшылық - түріндегі өлең шықты.
14. Қорытынды. Ел тәуелсіздігіне тоқталып бүгінгі күнге баға беру. Гүлденіп келе жатқан Қазақстанды көрсету.
15. Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады. Әр топты жалаушалармен марапаттау.
16. Үйге тапсырма: С. Торайғыров «Кедей» өлеңін жаттау.
С. Торайғыров «Кедей» өлеңі
- Абдраимова Женисгул
- 18 мам 2017
- 2041
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы
Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...Күлпаш
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Б Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнын ашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей..."Күлпаш" Бейімбет Майлин
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Балжан Байгерейқызы...Кедей
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мусағалиева Аягөз Марзухқызы...Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.