Сайтқа кіру Тіркелу

Шалқан ертегісі

Шалқан ертегісі
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлім: Көркем әдебиет
Мақсаты: Ертегіні тыңдауға үйрету.
Міндеттері:
* Білімділік: ертегі мазмұнын түсініп айтуды үйрету.
* Дамытушылық: Еске сақтау қабілеттерін арттыру.
* Тәрбиелік: көмектесіп ренжітпеуге тәрбиелеу.__
*Үш тілдік шалқан - репка - turnip.
Сөздік жұмыс: шалқан.__
Қажетті көрнекілік кейіпкерлер суреті, ұшатын кілемше, үстел үсті картинки, массаж доп, дүрбі. Тірек сызба
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбер;
Бала - бала балапан
Кане қайсы алақан, саусақтарым айбат Былай - былай ойнат топ - топ топ - топ Басамыз жалаудан күн жасаймыз
Жаса - жаса алтын күн жаса - жаса Жарқын күн.
Жыл мезгілін бекіту. Тірек сызба арқылы.
Жемістер қайда өседі. Тірек сызба арқылы.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Есік қағылады – Балалар, Әсем қуыршақ бізге қонаққа келді. Әсем менің құлағыма сыбырлап айтты;
«Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, бірақ әжем ауылға кетті. Маған енді кім ертегі айтып береді» Көзін жұмып ертегілер еліне ұшамыз: Музыка әуен ойналады
Ертегіні тыңдаймыз (Музыка арқылы ертегі айтады)
Ертегіні ауызша айта отырып, суреттерін көрсетіп, түсіндіреді,
Сөздік жұмыс; шалқан - репка – turnip
«шалқан»

Сергіту сәті; « Доп»
- Шалқанды жұлуға кімдер келді? Кірпі доп арқылы саусақтарға жүгіртіп кейіпкерлердін атын атап отырып тәрбиеші көрсетеді.
Су - джок әдісі арқылы
Сиқыршы келеді
«Бәрін бөл» дидактикалық ойыны.
«бәрін қос»дидактикалық ойыны.
Бір баланы ортаға шақырып, ата кіммен дос? деп сұрайды.
Ата шалқанмен дос,
- Неге?. Үйткені ата шалқанның сабағынан ұстады.
Ата шалқанға жақын.
Әже кіммен дос?.
Атамен, Қызбен дос.
Балардан сұрап ойынды жалғастырады.
Әсем өзіне ойындар мен ертегінің ұнағанын айтып, қоштасып, кетеді.

Рефлекстік - жинақтаушы
Сұрақ - жауап арқылы сабақты қорытады.
- Балалар, бізге қонаққа кім келді
- Әсемге не оқып бердік.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырған оқу іс әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: ертегі кейіпкерлерін мазмұндай әңгімелей білуді.
Түсінеді: балалар жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Қолданады: Ертегі кейіпкерлерін көмектесуге ренжітпеуге ұғымдарын қолданады.

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы тәрбиешісі:
Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×