Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Сахитжан Индира Нағашыбайқызы
Тақырыбы: Қуыршақтың етігінің бауын байлаймыз
Мақсаты: Саусақ қимылын дамыту, көзбен мөлшерлеуді дамыту, сенсорлық тәрбие жұмысын қалыптастыру, таным қабілеттері мен қызығушылығын арттыру, қызыл және сары түстерді ажырата білуге үйрету.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: түрлі түсті етіктер (қызыл, сары)
Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Папа, мамамыз сау болсын!
Балабақшамыз жайнай берсін!
Балалардың жиынға қатысуы
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Балалар, біз бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізде қуыршақтың етігін баулаймыз.
- Балалар, біз бәріміз қуыршақты білеміз. Сендер оны не істейсіңдер?
- Я, біз оны ұйықтатамыз, шомылдырамыз, тамақтандырамыз және киіндіреміз.
Балалардың жауабы
- Қыс
- Қар жауады. Сырғанақ тебеміз. Адамдар қалың тондарын, бас киімдерін, етіктерін киеді.
Тақтамен жұмыс.
- Балалар, тақтадан сендер не көріп тұрсыңдар?
- Я, бұл қысқа қонышты етік. Қысқа қонышты етікті біз күз мезгілінде киеміз. Ал енді мынау ұзын қонышты етік, бұны қыста киеміз. Етіктің түсі қызыл. Екі етіктің де бауы бар екен.
Тосын сәт.
- Балалар, біреу есікті қағатын сияқты ма? (Осы сәтте бір қуыршақ жылап кіреді, етігінің бауы бауланбаған)
Балалардың таңданыса қарауы
- Қуыршақ, сенің атың кім?
- Неге жылап тұрсың?
- Атым Құралай. Етігімнің бауын байлай алмағандықтан жылап тұрмын.
Құралай, сен жылама. Біз саған көмектесеміз.
- Енді балалар, міне сендерге тақтадағы етікті баулау әдісі көрсетілген суретті көрсетейін. Сендер мұқият қарап отырыңдар.
- Оң қолымыздың ұшымен баудың ұшын ұстап, бау өткізгішке өткіземіз. Сосын сол қолымыздың ұшымен бауды келесі ұшын ұстап, бау өткізгішке өткіземіз. Мінекей, балалар, етікті бауладық.
- Енді балалар, шаршап қалған болармыз. Сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Сергіту сәті.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ - топ - топ,
Топылдатып билейміз
- Ал енді орындықтарыңа отырып, етіктердің бауын баулайық.
Балалардың жұмыс жасауы. Етіктерді баулауы
- Балалар, қуыршақ Құралай үйіне қайтады. Қоштаса қойыңдар.
Ойын: «Сыңарын тап»
Шарты: Үстел үстіне түрлі - түсті етіктер қойылады. Етіктердің сыңарын дұрыс табу қажет.
Балалардың ойынға белсене қатысуы
Рефлексиялық кезең
- Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде кімнің етігін бауладық?
Мадақтау.
Қорытындылау. Балалардың пікірі
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Етікті баулаудың жолын үйренуі;
Игеруі: Етіктің түр - түсін ажыратуы;
Меңгеруі: Үлгі бойынша жұмыс жасауды.
Қуыршақтың етігінің бауын байлаймыз
- Indira Saxitjan
- 20 қыркүйек 2016
- 4632
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақша, қуыршақ, етік, түстерді ажырата білу, балабақшаға арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
«Сүйікті ойыншық»
Мақсаты: Білімділігі: Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту....Дәмді бауырсақ
Слайдтағы суреттер бойынша ертегілерді еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру. Мүсіндеу әдіс - тәсілдерін пайдалану...Қуыршақ Айшаны серуенге киіндіру
Балалардың қыс белгілері туралы білімдерін бекіту: қар жауады, дала суытады, адамдар жылы киінеді. Байқаушылықты дамыту. Балалардың киім туралы...Қысқы киімдер
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін...Қуыршақтардың киімдерінің түстері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса»мектепке дейінгі гимназиясының 2 санатты тәрбиеші: Шахметова Анар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.